03 Қазан 2024, 23:54
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне берілетін өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1122 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 27-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне берілетін өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендия төлеу қағидалары бекітілсін.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1122 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу