25 Ақпан 2019, 08:10
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі ретінде тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми Twitter парақшасында жарияланды.
Бүгін Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Парламент Мәжілісінің депутаттары жаңа Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
«Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын», — делінген ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығында.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу