Мәжіліс депутаттары Павлодар облысының Май ауданын аралады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішембаев пен Нұрлан Әбдіров Павлодар облысы Май ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Мәжіліс депутаттары ауданның құрметті азаматы, педагогика саласының ардагері Жидебай Арықбаевпен әңгімелесті, ол аға буын өкілдерінің әлеуметтік қолдауы жайлы айтып берді.

М. Пішембаев пен Н. Әбдіров Көктөбе ауылындағы 16-пәтерлік тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты, аудандық мәслихаттың депутаттық фракция мүшелерімен, аудандық прокуратура, сондай-ақ «Теміржан» шаруа қожалығы ұжымдарымен кездесті.

Бұдан өзге, халық қалаулылары Е. Мұқашев атындағы мектепті аралады, онда М. Пішембаев білім алған. Ол өз ұстаздарымен кездесіп, оларды Астана күнімен құттықтады. «Туған жер» бағдарламасының «Мектебіме тағзым» акциясы аясында М. Пішембаев өзі білім алған мектепке жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған 10 компьютерден құралған компьютер сыныбын сыйға тартты.

«Бүгін біз Павлодар облысының Май ауданын араладық. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы – жақсы деңгейде. Өзім оқыған мектептің жұмыс істеп тұрғаны және оның материалдық-техникалық базасының жаңаруы қуантады. Ауыл гүлденіп, жаңа нысандар салынып жатыр. Мұның бәрі тұрақтылық пен Елбасының жүргізіп жатқан саясатының арқасы», - деді М. Пішембаев.

Содан кейін халық қалаулылары Май ауданының прокуратурасы мен Қазан ауылдық округіндегі «Теміржан» шаруа қожалығына барды.

«Нұр Отан» партиясының Май аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті, онда Мәжіліс депутаттары аудан тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президентінің Жолдауы туралы толығырақ айтты және бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу