07 Маусым 2017, 07:11
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев вице-президент Януш Наклиски бастаған «Oracle» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ІТ-саланы дамыту, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының, сондай-ақ алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің өзекті мәселелері талқыланды.
Анықтама:
Oracle (Oracle Corporation) – америкалық трансұлттық корпорация, табысы жағынан екінші орынға ие бағдарламалық қамту өндірушіcі (Microsoft-тан кейін), ұйымдарға арналған ірі бағдарламалық қамту өндіруші, ірі серверлік жабдықтарды жеткізуші.
Oracle корпорациясы әлемнің көптеген елдерінде ақпараттық жүйелер саласында үлкен тәжірибеге және көптеген іске асырылған жобаларға ие. Қазақстан нарығында Oracle 18 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу