Фермерлерді қолдау: жеңілдетілген несиелер және ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту

Агроөнеркәсіптік кешен — Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Биыл осы саладағы азық-түлікті қайта өңдеуге ғана емес, көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға да көп көңіл бөлінді.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

«Фермерлер теңгемен жылдық 5% жеңілдетілген қаражатқа қол жеткізді. Сондай-ақ таяуда "Бәйтерек" холдингі ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша лизингтің жаңа бағдарламасын іске қосты, ол да шаруалар үшін 5% деңгейінде», — деп атап өтті ол.

Өз өніміне тапсырыс алу есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі де алға басады.

#АӨК #Нұрлан Байбазаров #Экономика

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу