20 Тамыз 2024, 20:57
Көлік министрі Марат Қарабаев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингке қатысты.
Көлік министрі Марат Қарабаев журналистерге InDrive интернет-агрегаторымен рөлі оң жағында орналасқан машиналарды тіркеуден бас тартуды көздейтін қол қойылған меморандум туралы айтып берді. Заң талаптарына сәйкес мұндай автомобильдерге такси қызметін орындауға тыйым салынады. Марат Қарабаевтың айтуынша, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін «Яндекс.Такси» және InDrive түгендеу жұмыстарын жүргізіп, пайдаланушыларға рөлі оң жақта орналасқан таксилерді толығымен шектейді.
Сондай-ақ ведомство басшысы бүгінгі таңда Қазақстан нарығында жаңа халықаралық агрегаторлардың пайда болуы мәселесі талқыланып жатқанын айтты. Атап айтқанда, Еуропада танымал эстониялық Bolt компаниясы қызығушылық танытып отыр. Көлік министрлігі бұл бастаманы қолдауға дайын.
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев энергия нысандарының неғұрлым экологиялық отын түрлеріне көшуіне қатысты пікір білдірді. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді, алайда мұнда экологиялық талаптар мен тариф белгілеу арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет. Қанат Шарлапаев тарифтердің азаматтарға қолжетімді болуы тиіс екенін айтты.
#Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу