26 Маусым 2024, 10:42
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингке вице-премьер Қанат Бозымбаев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов қатысты.
Премьер-Министрдің орынбасары су тасқыны зардаптарын жою, көрсетілген көмек және зардап шеккендерге төленген өтемақылар туралы айтып берді. Меценаттардың тізімі және олар су басқан аймақтардың тұрғындарын қолдау үшін бөлген қаражат сомасы жарияланды.
Журналистерді апатты деп танылған үйлердің орнына салынып жатқан баспана сапасы қызықтырды. Спикерлердің айтуынша, жұмыстарға техникалық қадағалау ғана емес, болашақ тұрғындар тарапынан қоғамдық бақылау да жүргізіліп жатыр.
ТЖМ қызметтерін су басу аймақтарында жеңіл жүзу құралдарымен, орманшыларды өртке қарсы техникамен материалдық-техникалық жарақтандыру туралы айтылды.
Су ресурстары және ирригация министрі неліктен бөгеттер әлі күнге дейін алапат судан қорғаудың ең тиімді әдісі болып саналатынын және өзен арналарын бұру өте қымбат және болжау мүмкін емес шара екенін түсіндірді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу