Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.
Қазақстан Республикасының Вице-премьері Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің аудандары мен ауылдарында «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуымен танысты. Бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Степногорск және Көкшетау қалаларының жылумен жабдықтау көздеріндегі жөндеу жұмысының барысымен танысты.
Үш айдың ішінде Қостанай облысында 57 отбасы үшін тұрғын үй салынды, тағы 315 отбасы үшін үйлер мен пәтерлер сатып алынды. Жөндеуді қажет болған 815 үйді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі өнеркәсіптің даму барысымен танысты. «Қазцинк» металлургиялық кәсіпорнын аралау барысында Үкімет басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекесі — Металлург күнімен құттықтап, наградалар табыс етті.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетімен танысып, саланы одан әрі дамыту әрі оның өңір экономикасының құрылымындағы үлесін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Басты мақсат – Мемлекет басшысының энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, металлургия және фармацевтика өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ көлік-логистика және туризм саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматыға барды. Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және индустриялық негізді нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев, «ҚазжолҒЗИ» Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшылығы және бірқатар облыс әкімдері ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Президенттің Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуының шұғыл шаралар топтамасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында вице-премьер Қанат Бозымбаев аталған төрт өңірдің әкімдерінің және барлық министрлік өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласының жылумен жабдықтау көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Премьер-Министрдің Қызылорда облысына жұмыс сапарына негіз болған басты мәселелердің бірі – су үнемдеу технологияларын енгізу және су инфрақұрылымын дамыту. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Кіші Аралды сақтау және дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, атап айтқанда Қараөзек су қоймасының құрылысына назар аударылды және Көкарал бөгетін реконструкциялау қарқыны тексерілді.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешеніне барды, сондай-ақ Байқоңыр қаласының даму жоспарымен танысты.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өсімнің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.
Сиыр етінің бағасын арзандату және қысқа мерзімде барынша салмақ қосуына қол жеткізу – аустралиялық мал өсіру әдісінің негізгі ұстанымы. Өзіндік құнының төмендеуі малды жайылымда бағу арқылы жүзеге асырылады, яғни бордақылау алдында еркін жайылған мал тез салмақ жинайды. Бұл әдісті Жетісудағы ірі шаруашылықтар қолдануда.
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қалалық және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдерінің баяндамасы тыңдалды.
Тестовое Постановление Правительства
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы №970 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 қарашадағы №959 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №948 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №945 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №939 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №927 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №926 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №929 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №925 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қарашадағы №919 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №912 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №887 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы №890 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №886 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №880 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қазандағы №874 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №866 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №863 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №867 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №861 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы №857 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №853 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №852 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы №838 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №820 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №818 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №773 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы №815 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №803 қаулысы