Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетімен танысты. Ақтау, Құрық теңіз порттарында болып, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағын дамыту перспективалары қаралды.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде Жаңаөзен моноқаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру сапасын арттыру, халықты жұмыспен қамту және басқа да маңызды бағыттардың қарқыны тексерілді.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны салдарын жою жұмыстарын аяқтау мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс, Төтенше жағдайлар, Көлік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары халықты қолдау шаралары мен қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Сонымен қатар Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды.
Премьер-Министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысын тексерді. Атап айтқанда, Бадамша ауылындағы бірқатар нысандарды көріп, Үкімет басшысы энергетика секторындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және білім беру сапасын жақсарту ісімен танысты.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген Грузияның бірінші вице-премьері – экономика және орнықты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткізілетін Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысына қатысушы елдер делегациялары басшыларымен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды канцлері Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана қаласының әуежайында Олаф Шольцті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Үкімет үйі ғимаратында XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті. Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Кездесу барысында қаржы-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті. Президент Жолдауындағы өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу және экономика өсімінің жаңа нүктелерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысы мен шаралары талқыланды.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Шымкентке жұмыс сапары аясында мегаполистің қазіргі даму барысымен және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру шараларымен танысты.
Президенттің су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
Премьер-Министр Олжас Бектенов ішкі істер министрінің, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің, сондай-ақ Қаржы мониторингі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктері төрағаларының қатысуымен ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.
Тестовое Постановление Правительства
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы №970 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 қарашадағы №959 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №948 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №945 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №939 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №927 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №926 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №929 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №925 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қарашадағы №919 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №912 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №887 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы №890 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №886 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №880 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қазандағы №874 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №866 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №863 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №867 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №861 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы №857 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №853 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №852 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы №838 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №820 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №818 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №773 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы №815 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №803 қаулысы