Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №820 қаулысы

«Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына

өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы
9-тармақпен толықтырылсын:

«9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу