Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы №838 қаулысы

Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес және Павлодар облысының Екібастұз қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған, Павлодар облыстық мәслихаты және Екібастұз қалалық мәслихаты мақұлдаған Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.

2. «Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 979 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

 

 Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу