Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №852 қаулысы

«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Рұқсаттама беру тәртібі»;

4-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Енгізілетін ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесімен үш жұмыс күні ішінде келісілуге тиіс.

7. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған фактілер анықталған жағдайда Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуды одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Рұқсаттама беруді Шекара қызметі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта портал арқылы жүзеге асырады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі                                                                                        О. Бектенов

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу