Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қазандағы №874 қаулысы

Негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға енгізу қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексі 72-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға енгізу қағидалары бекітілсін.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу