Үкімет Аппараты

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев

Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 

1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

Философия ғылымдарының кандидаты.

  • 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.

  • 2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған. 

  • 2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

  • 2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

  • 2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

  • 2012-2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

  • 2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.

  • 2019 жылғы 26 наурызда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

  • 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

  • 2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

  • 2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.

  • 2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып  тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту;

  • мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру;

  • мемлекеттік аппаратты цифрландыру;

  • заң жобалау жұмысын жүргізу және норма белгілеуді жетілдіру.

Асқар Серікжанұлы Жәкенов

Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары

1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.

  • 1998-1999 жылдары – «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында сыртқы экономикалық байланыстар, кеден және банк ісі бойынша жетекші маман, заң кеңесшісі.
  • 1999-2002 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы.
  • 2002-2003 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде басқарма басшысының орынбасары.
  • 2003-2004 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде басқарма басшысы.
  • 2004-2012 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2012-2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2013-2019 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
  • 2019-2023 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары.
  • 2023-2024 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.
  • 2024 жылдың ақпанынан бастап – ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары.

Ермек Әмірханұлы Аманшаев

Үкіметтің Парламенттегі өкілі
Ермек Әмірханұлы Аманшаев

1963 жылы 12 наурызда Маңғыстау облысында туған. 1985 жылы ҚазМУ филология факультетін үздік бітірді.  

Еңбек жолын 1979 жылы Маңғыстау облысы Ералиев ауданы №1 орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы болып бастаған.

  • 1985–86 жж.— Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;

  • 1985–88 жж.— Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;

  • 1988–1991 жж.— «Жалын» журналының жауапты хатшысы;

  • 1991–1995 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы;

  • 1995 жылы ҚР Министрлер кабинеті Іс Басқармасының қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі мәдениет бөлімінің референті, содан кейін ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің консультанты, ҚР Үкіметі Аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болып тағайындалды;

  • 1997–2000 жж.— Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясында түрлі лауазымдарды атқарды: үкімет шешімдерін дайындауды үйлестіру секторының меңгерушісі; сараптама-талдау бөлімінің консультанты; қаржы-экономикалық сараптама бөлімінің өндірістік емес сала секторының консультанты; экономикалық бөлімнің әлеуметтік сала секторының меңгерушісі; өңірлік даму және әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сектор меңгерушісі;

  • 2000 жылы Астана қаласының Мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды;

  • 2002 жылы — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет Комитетінің төрағасы;

  • 2003 жылы — ҚР Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі, ҚР мәдениет вице-министрі, ҚР мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;

  • 2006–2008 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары;

  • 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппаратының жетекшісінің міндетін атқарды;

  • 2008 жылғы мамырдан 2014 жылғы желтоқсанға дейін Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» АҚ президенті.

  • 2014-2019 жж. — Астана қаласы әкімінің орынбасары;

  • 2019-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары – ҚР Үкіметінің Парламенттегі өкілі;

  • 2023 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Үкіметінің Парламенттегі өкілі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»; «Парасат» ордендерінің, 10-нан астам медаль және басқа да құрметті атақтың иегері. Филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының профессоры, Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының академигі.

 

Лауазымдық міндеттері:

  • Парламентте Үкіметтің мүддесін білдіру және биліктің заң шығарушы тармағымен өзара сындарлы іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Президент, Үкімет айқындаған бағдарламалық құжаттарды заңнамалық іске асыруға қатысу және Парламентте заң жобаларының өтуін үйлестіру:

- Үкімет енгізген заң жобаларының сапалы және уақтылы өтуін қамтамасыз ету;

- Парламентте заң жобаларын қарау кезінде Мемлекеттік органдардың Үкімет регламентін сақтауын бақылау;

- заң жобалары бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеу бойынша Парламент Палаталарының бейінді комитеттерімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру;

  • Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Аппарат Басшысының және Үкімет мүшелерінің Парламент палаталарының пленарлық, бірлескен отырыстарына, үкіметтік сағаттар мен парламенттік тыңдауларға қатысуын ұйымдастыру:

- саяси партиялардың фракцияларымен, депутаттық топтармен, сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттармен сындарлы өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

  • Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Үкімет Аппараты Басшысының заң шығару қызметі мәселелері жөніндегі қызметін ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысу;
  • Депутаттық сауалдарға жауаптарды, заң жобалары бойынша Үкімет қорытындыларын сапалы және уақтылы дайындау мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың, Үкімет Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне мониторинг және бақылау жүргізу;
  • Парламенттегі Үкімет өкілдігінің қызметі бөлігінде Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің жұмысын үйлестіру.

TEST

тест кз

Саян Сансызбайұлы Құттыбаев

Үкімет Аппараты басшысының орынбасары

Саян Сансызбайұлы Құттыбаев

1986 жылы 15 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатын, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген, Mancosa бизнес мектебінде МВА дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы бастады. Халықаралық (ABN AMRO, Royal Bank of Scotland, HSBC) және қазақстандық екінші деңгейдегі банктерде әр түрлі қызметтерді атқарған.

  • 2012 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің үшінші хатшысы болған.

  • 2014-2019 жж. Қазақстанның Финляндия Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, Сыртқы талдау және болжау департаментінің екінші хатшысы және ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеген.

  • 2019 жылы — ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының кеңесшісі.

  • 2020-2021 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2021-2022 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің меңгерушісі.

  • 2022-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

  • 2023 жылғы 7 ақпанда ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.


 

Лауазымдық міндеттері:

  • Премьер-Министрдің қызметін ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері;

  • сыртқы саясаттың, сыртқы экономикалық саланың өзекті мәселелері, елдегі және әлемдегі тенденциялар туралы талдамалық материалдар дайындауды үйлестіру;

  • Премьер-Министрді жұмыс сапарлары мен іскерлік кездесулерге, оның ішінде шетелдік тұлғалармен  кездесулерге ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;

  • Премьер-Министрдің ресми сапарлары мен халықаралық телефонмен сөйлесулерін мазмұндық толықтыру бойынша шетелдік үкіметтер мен шетелдік компаниялардың өкілдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

  • Президент Әкімшілігімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Премьер-Министрдің халықаралық кездесулері мен сапарларын дайындау бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

  • «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі қызметінің мәселелері бойынша Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;

  • Сыртқы экономикалық ынтымақтастық бөлігінде Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру.

Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев

Үкімет Аппараты басшысының орынбасары

Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев

1981 жылы дүниеге келген, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А.Қонаев атындағы университетті тәмамдаған. 

  • Еңбек жолын мәслихат аппаратының, кейін Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің бас маманы қызметінен бастады, Мәдениет және ақпарат министрлігінде жетекші маман, бас сарапшы болып жұмыс істеді.
  • Әр жылдары квазимемлекеттік секторда, Премьер-Министр Кеңсесінде, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, Парламент Мәжілісінде, Президент Әкімшілігінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде түрлі қызметтер атқарды.
  • 2024 жылғы ақпан айында ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Аян Еранұлы Мағзұмов

Үкімет Аппараты басшысының орынбасары

Аян Еранұлы Мағзұмов

1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономист» мамандығы бойынша, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.

  • 2009-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
  • 2011-2012 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль көлігі департаментінің бас сарапшысы. 
  • 2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарды.
  • 2013-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты қызметін атқарды.
  • 2018 жылғы мамырдан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде сектор меңгерушісі.
  • 2019 жылғы сәуірден бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде бас инспектор.
  • 2019 жылдың қараша айынан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2021 жылғы қазаннан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісі.
  • 2023 жылғы ақпаннан бастап — ҚР Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің меңгерушісі.
  • 2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі Аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.

 

 

Лауазымдық міндеттері:

  • Президент Әкімшілігімен, Парламентпен, орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  • Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің Үкімет отырыстарына, Президент және Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Үкімет Аппараты Басшысының кеңестеріне материалдар дайындау жөніндегі қызметін үйлестіру;
  • Премьер-Министрдің жол карталарын, хаттамалық және өзге де тапсырмаларын іске асырудың тиімділігін талдау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • ҚР Президенті жанындағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің, Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Республикалық бюджет комиссиясының, Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Отандық кәсіпкерлер кеңесінің, сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырыстарына материалдар дайындауды үйлестіру;
  • Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, Тұрақты даму мақсаттарының құжаттарын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру;
  • Премьер-Министрдің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі қызметін салааралық үйлестіру және ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын өзекті проблемалық және өзге де мәселелер бойынша кеңестер өткізу;
  • құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Экономикалық бөлімнің жұмысын үйлестіру.

кен

Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппараты басшысының м.а.

тест1

Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппараты басшысының м.а.

Жаңалықтар тізбегі

Ауылдық жерлерде білім беруге қол жеткізу мен білім сапасын арттыру: «Қазақстан халқына» қоры «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын кеңейтеді

«Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев ауылдық мектептерді дамыту мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында Қор ауылдарда білім беруге қол жеткізу мен білім сапасын арттыру шеңберінде іске асыратын жобалар туралы хабарлады.

Олжас Бектенов: Ауылдағы мектептер ерекше рөл атқарады – білім, мәдениет ошағы және демалыс орталығы ретінде қызмет етеді. 2027 жылға дейін Қазақстанда 180 жаңа ауыл мектебі салынады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық мектептерді дамыту мәселелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және педагогтарды тарту шаралары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев ауылдық мектептерді қолдау және жабдықтау мәселелері бойынша баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдерінің есебі тыңдалды. 

Олжас Бектенов геологиялық барлаудағы басымдықтар туралы: Табыстың артуы үшін біздің жер қойнауын бірінші кезекте мемлекеттік компаниялар зерттеуі керек

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геологиялық саланы дамыту мәселесі қаралды. Қазіргі жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов және Ұлттық геологиялық қызметтің басшысы Ерлан Ғалиев баяндады.

Тамара Дүйсенова Qyzyljar creative center-ге барды

ҚР вице-премьері Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында «Qyzylzhar» креативті индустрия орталығына барды. Бір ай бұрын ашылған орталық инновациялық және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру алаңына айналды. Онда цифрлық технологиялар саласындағы бағытты дамыту, медиа контент, сән және басқа да шығармашылық индустрияларды құру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Әрі қарай
Үкімет қаулылары

Тестовое Постановление Правительства

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы №970 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 қарашадағы №959 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №948 қаулысы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №945 қаулысы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №939 қаулысы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №927 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №926 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №929 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №925 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қарашадағы №919 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №912 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №887 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы №890 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №880 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қазандағы №874 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №866 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №863 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №867 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №861 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы №857 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №853 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №852 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы №838 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №820 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №818 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы №815 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №803 қаулысы