16 Қаңтар 2019, 14:47
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды;
Ермек Беделбайұлы Көшербаев ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу