Ермек Маржықпаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. 

Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 

С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары – ҚР Туризм және спорт министрі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу