Елбасы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

  • Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды;

  • Ермек Беделбайұлы Көшербаев ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу