08 Қараша 2018, 11:50
Директорлар кеңесінің шешімімен Ерлан Дмитрийұлы Дүрмағамбетов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.
Ерлан Дүрмағамбетов 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген.
1994 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электр техникалық университетін (РФ), 1999 жылы Айова штатының ғылым және техника университетін (АҚШ), 2018 жылы — Крэнфилд университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған. Іскерлік әкімшілендіру докторы.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары корпоративтік секторда, соның ішінде Oracle Nederland BV өкілдігінде, «Делойт и Туш» ЖШС, «Скала Казахстан» ЖШС жұмыс істеген.
2006–2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК-да басшылық лауазымдарды атқарған.
2007–2010 жылдары — ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.
2010 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу