ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Венгрия Мемлекеттік жиынының төрағасы Ласло Кёверді қабылдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Венгрия Мемлекеттік жиынының төрағасы Ласло Кёверді қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстан үшін Венгрияның Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі екеніне тоқталған, С.Ахметов «біздің елдеріміз арасында берік тарихи әріптестік қатынас орнаған, өзара тауар айналымын арттыру үшін үлкен әлеует бар»,-деді.

Тараптар Қазақстан мен Венгрия арасындағы іскерлік ынтымақтастықты жандандыра түсуге мүдделі екендіктерін білдірді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу