Автомектептерге жүргізушілерді сәйкессіз дайындағаны үшін жауапкершілік жүктеледі - ІІМ

Қазақстанда жүргізушілерді сәйкессіз дайындағаны үшін автомектептерге жауапкершілік жүктеу жоспарланып отыр, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха. 

«Жүргізушілерді сәйкессіз дайындағаны үшін, сондай-ақ көлік құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын заңсыз сертификат бергені үшін жауапкершілік енгіземіз», - деді И. Лепеха.

Сонымен, оның айтуынша, егер тексеру барсында қандай да бір көлік құралдары нормаларға сәйкес болмаса, немесе жүргізушінің белгілі бір ережелерді білмейтіндігі анықталса, сәйкестік сертификаттарын берген тұлғалар жауапқа тартылады.

«Ал, бұзушылық қайталанатын болса, лицензияны қайтарып алу немесе лицензияны берген ұйымның қызметін тоқтату мәселесі алға қойылатын болады», - деп толықтырды Комитет басшысы. 

Аталған нормаларды қарастыратын «Жол қозғалысы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде қарауда жатыр. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу