Жылдың соңына дейін Қазақстанда 285 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй салынады
Биыл жалдамалы тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 285 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 мың пәтер салынады, деп хабарлады Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында.
«Осы жылы бұл бағыт бойынша алаңы 285 мың шаршы метр 4 мың пәтер салу жоспарланып отыр. 9 айдың қорытындысы бойынша алаңы 81,4 мың шаршы метр 1 372 мың жалға берілетін пәтер пайдалануға берілді», - деді Қ.Өскенбаев.
Сондай-ақ, пайдалануға берудің негізгі бөлігі 2013 жылдың қараша-желтоқсан айларына белгіленіп отыр.
Бұдан өзге, биыл жас отбасылар үшін 1,2 мыңнан астам пәтер салу жоспарланып отыр.
«Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар мерзімінен бұрын 2012 жылы жас отбасылар үшін алаңы 28,2 мың шаршы метр 526 пәтер салынғанын атап өту қажет. Осы көлемнің есебімен алаңы 68,9 мың шаршы 1206 пәтер немесе жоспардың 59 % салынды», - деп толықтырды сөзін Өңірлік даму министрлігі басшысының бірінші орынбасары.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз