Үкімет Басшысы ҚР Президенті тапсырмаларын орындамағаны үшін министрлер мен әкімдерді жауапқа тартуға уәде берді
Қазақстанның Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысы барысында министрлер мен облыс әкімдеріне қатысты 2013 жылдың соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілік шаралары қабылданатынын хабарлады.
«Егер жылдың соңына қарай жағдай өзгермесе, Мемлекет басшысына мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын, оның ішінде әкімдерді жазалау туралы ұсыныстар енгізуге құқылы боламын», - деді С. Ахметов.
Ол сондай-ақ «Мемлекет басшысының тапсырмаларын және барлық бағдарламалық құжаттарды сапалы және уақытылы орындау қажеттіне барлық мемлекеттік органдар, холдингтер бірінші басшыларының және өңір әкімдерінің» назарын аударды.
«Атқарушы билік – бұл, ең алдымен, Президент саясатын жүзеге асыру құралы. Бұл туралы барлығы, жекелеп алғанда Үкімет мүшесі, әкім есте сақтауы тиіс», - деп басып айтты Премьер-Министр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз