ҚХР – ҚР – РФ бағытында жаңа цифрлық экожүйе іске қосылады

Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровтың қатысуымен көлік саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

Осылайша, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Мәскеу облысы арасындағы Ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге және ҚХР – ҚР – РФ бағыты бойынша «KTZ Express» АҚ, Xian Free Trade Port Construction and Operation Co. LTd және «Славтранс-Сервис» АҚ арасында Цифрлық экожүйені құру және іске қосу туралы декларацияға қол қойылды.  

Осы құжаттарды іске асыру жүктерді, оның ішінде қазақстандық жүктерді ауыстырып тиеуді және өңдеуді жақсартуға, сондай-ақ оларды жеткізу уақытын қысқартуға бағытталатын болады. Негізгі логистикалық торап Сиандағы (ҚХР) қазақстан-Қытай терминалы, Ресей және басқа елдер арасындағы тікелей көлік қатынасын дамытуға арналған.

#Роман Скляр #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу