Көлік және коммуникация министрлігі көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын әзірлеуде – А.Жұмағалиев
Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан
Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеп
жатыр, деп хабарлады
ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметі ресми өкілінің брифингінде.
«Транзиттік әлеует
туралы бағдарламаны, әлеуетті
дамыту үшін қажетті инфрақұрылым туралы бағдарламаны біз әріптестерімізбен бірлесіп әзірлеп
жатырмыз. Сәйкес жұмыс тобы
құрылуда», - А.Жұмағалиев өз
сөзінде.
Министрдің айтуынша,
жұмыс тобы Мемлекеттік
бағдарламаның негізгі мазмұнын жасайды, одан кейін ол құжат мемлекеттік органдарда талқылаудан өтеді, содан кейін Бағдарлама белгілеген рет бойынша Елбасының қарауына
енгізіледі.
Естеріңізге сала
кетейік, бұл бадарлама Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен жүктелген
тапсырмалар бойынша жасалуда. Және ол құжат еліміздің
көлік әлеуетін дамытуда маңызды
роль атқаратын болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз