Қыс уақытында ТЖ жою үшін 8 млрд теңге қарастырылған - В.Петров
Қыс уақытында төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен 8 млрд теңге қарастырылған, деп хабралады ТЖ вице-министрі Валерий Петров ТЖМ брифингінде.
«Қыс уақытында жұмыс жасау үшін әкімдіктер төтенше жағдайлар қорларына төтенше жағдайларды ескертуге және болуы мүмкін жоюға жалпы 8 млрд жуық теңге салды», - деді В. Петров.
Оның айтуынша, аталған сома аясында республикалық жолдарда 137 жылыту орны әзірленген, көктайғаққа қарсы материалдар, бір мыңнан астам бірлік жол-құрылыс және қар тазалағыш техника, электр станцияларында және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында қысқы отын даярланған.
Сондай-ақ, ведомство басшысының орынбасары айтып өткендей, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелеріндегі есепте тұрған 820 қазандықтың 2013-2014 жылдардың жылу беру маусымының жылу жүктемесі 779 қазандыққа артылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз