ҚР Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2014-2016 жылдарға арналған жоспарларын мақұлдады
Бүгін Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында 2014 жылға және 2015-2016 жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарлары мақұлданды.
«Жалпы алғанда олардың көбісі алдында таныстырылған болатын - жоба мақұлданды», - деді С. Ахметов.
Өз кезегінде, әділет министрі Берік Имашев 2014 жылы 37 заң жобасын жасау жоспарланғанын хабарлады.
«Олардың ішінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 10 заң жобасын әзірлейді. Әділет министрлігі және Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 5 заң жобадан әзірлейтін болады, Өңірлік даму министрлігі - 4 заң жобасын, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау, Қаржы министрліктері 2 заң жобасынан әзірлейді», - деп мәлімдеді ол.
Бұдан өзге, Қорғаныс, Білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 1 заң жобасынан әзірлейтін болады.
«Сондай-ақ, 2015-2016 жылдары 15 заң жобасын әзірлеу жоспарланған, нақты айтатын болсақ: Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі - 5 заң жобасы, Ішкі істер министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі - 2 заң жобадан, Қорғаныс, Қоршаған ортаны қорғау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет министрліктері, Жоғарғы сот және Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 1 заң жобадан әзірлейтін болады», - деп қортындылады министр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз