ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов тарифтік саясат сферасында ерекше бақылау қажеттігін атап өтті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында тариф саясатын жетілдіру тәсілдері қаралып, мақұлданды. 

С.Ахметов талқыланып отырған мәселенің әлеуметтік маңыздылығын айта келе, тарифтік реттеу жүйесін жақсарту мәселесінің Мемлекет басшысының айрықша бақылауында отырғанын атап көрсетті. Ол сондай-ақ тарифті көтеруге қатысты, барлық факторларды ескеру қажеттігін, монополистер тарапынан қаржыны пайдалану мәселесінің қатаң бақылауда болуы керектігін айтты. 

Бұл мәселе бойынша негізгі баяндаманы ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов жасады. 

М.Оспановтың сөзіне қарағанда, «2012 жылы салаға тартылған инвестиция 208,8 млрд. теңгені құраса, ол 2011 жылғы деңгейден 46%-ға артық болды. 2013 жылы инвестиция көлемін 230 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр». 

М.Оспанов «инвестиция көлемін арттыру, инвестициялық бағдарламаларды жасау мен жүзеге асыру әрбір монополистің міндеті болып табылады», сонымен қатар «инвестициялық бағдарламалар белгіленген индикаторларға, яғни тозуды төмендетуді, нормативтік шығынды, отын мен құрал-жабдықтарға үлесті энергияның жұмсалуын белгіленген индикаторларға жеткізу тиіс» деп есептейді.

Ол сондай-ақ Агенттіктің веб-сайтында барлық монополистердің инвестициялық бағдарламалары туралы нақты ақпараттар, бағдарламаның әрбір іс-шараның аясында орындалысы туралы есептері орналастырылғанын атап өтті. «Бүгінгі күні әрбір тұтынушы жалпы жаңғырту барысымен, тіптен өз көшесіндегі желінің жөнделуі жайына дейін веб-сайттан таныса алады»,-деді агенттік басшысы.

ТМРА басшысының айтуынша, «энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі бойынша шаралар 2012 жылы тұтынушылардың 7,3 миллиардтан астам теңгені үнемдеуіне мүмкіндік берді, нормативтен артық шығындар жыл соңына дейін толық жойылатын болады». 

Ол сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру мақсатында, монополистер жұмысын бақылаудың, оның ішінде қоғамдық мониторинг жүйесі арқылы бақылау жасаудың күшейтілгенін хабарлады. Үстіміздегі жылы 284 тексеру жүргізілді, 1018 ұйғарым енгізіліп, 244 сот талқылауына қатыстырылды. Салынған айыптың жалпы сомасы 3,1 млрд. теңгені құрады. 

Тұтынушыларға зиян келтірген шығындарды өтеу үшін, 1,2 млрд. теңге сомасында уақытша өтемдік тарифтер енгізілді. Қайта есептеу қортындысы бойынша тұрғындарға 2012-2013 жылдарғы жылу беру маусымы кезінде пайда болған қайтарылым сомасы 500 миллионнан астам теңгені құрады. 

М.Оспановтың айтуынша, ұсынылып отырған жүйелік шешімдерді жүзеге асыру көрсетілетін қызмет сапасын, тарифтердің негізділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Табиғи монополиялар субектілерін тарифтік реттеу мәселелері бойынша ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндады. 

Отырыста, бұдан басқа Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Н.Радостовецтің, Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының басшысы Ш.Оразалиновтың, «Су ресурстары маркетингі» ЖШС бас директоры А.Орманның есептері тыңдалды. 

«Тарифтерді реттеу мен көтеру үшін жабдықтар мен желілер активтерін қолдау мен жаңарту бойынша инвестициялық бағдарламалардың бар болуы ғана міндетті шарт болуы тиіс. Бұл нағыз энергия тиімділігін, жалпы тиімділікті арттыру, қызмет сапасын жақсарту болып табылады»,-деген Үкімет басшысы «монополистердің тарифтерді көтеру шеңберіндегі өзге уәждарының жол бергісіз және қабылдауға келмейтінін», атап көрсетті. 

Тарифтерді реттеудің қолданыстағы жүйесінде - монополистер қызметінің сапасы, олардың пайдаланған қаржысына бақылау сияқты бірқатар маңызды проблемалар бар екеніне тоқталған, С.Ахметов ТМРА-ға бұл сферада айрықша бақылаудың, оның ішінде қоғамдық мониторинг арқылы бақылаудың қажеттігін нұсқап көрсетті. 

Агенттікке сондай-ақ «коммуналдық қызмет көрсету, тозу мен шығынды азайту бойынша индикаторлар бекіту кездерінде сапа стандарттары мен сервистік қызмет көрсету жүйесін жасау және оны заңдық бекіту бойынша жұмыстарды жалғастыра беру» тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу