11 Маусым 2024, 20:10
Үкімет үйінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау министрінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Ақмарал Әлназарова орфандық аурулары бар жетім балалар мен онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастар емін қаржыландыру, инфрақұрылым және материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, сондай-ақ онкологиялық диспансер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
Министр ведомствоның ТМККК шеңберінде емдеу тарифтерін қысқартуы қызмет көрсету сапасына еш әсер етпейтінін және онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарға көрсетілетін көмектің азаюына әкелмейтінін атап өтті.
Сондай-ақ Ақмарал Әлназарова вакцина егуге қарсы тұлғаларға қатысты жауапкершілік турасына да тоқталды. Міндетті вакцинациядан бас тартқандарға айыппұл салынатын еске сала кеткен ол, оның салдары басқа балаларға да індеттің жұқтыру қаупіне әкелетінін түсіндірді. Десе де қатерлі ісіктің дамуына жол бермейтін адам папиллома вирусына қарсы екпені алу я алмау туралы шешімді 11 жастан асқан қыздардың ата-анасы ерікті түрде қабылдайды. Дәрігерлердің міндеті – вирус туралы ақпарат беріп, салдарын ескерту. Қазіргі күнде 370 мың дана Америкада жасалған вакцина сатып алынған.
Бұдан бөлек, министр алдағы уақытта медициналық деректер мен қызметтер базасын модернизациялау жоспарда екенін айтты.
#Брифинг #Денсаулық сақтау #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу