28 Мамыр 2024, 19:12
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Оған өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты.
Спикерлер отандық өндірушілерді қолдау шаралары, мұнай өңдейтін кәсіпорындардың жұмысы, бірлескен инвестициялық нысандарды локализациялау бойынша жоспарлар туралы және сондай-ақ тағы да басқа өзекті мәселелер жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
ӨҚМ басшысы Қанат Шарлапаев, өңдеу өнеркәсібінің үлесі тау-кен өнеркәсібі үлесі деңгейіне теңескенін, ал ішкі нарықтағы құрылыс материалдарының үлесі 68%-ға жеткенін атап өтті. Бұдан бөлек, ол тұрмыстық техника өндірісі, машина жасау саласындағы отандық өнім үлесіне жан-жақты тоқталып, су тасқынынан зардап шеккендерге өтелетін өтемақы механизміне түсініктеме жасады.
Ал энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнай өнімдерін таратуды цифрландыру, Екібастұз қаласы мен өңірлердегі ЖЭО алдағы жылыту маусымына дайындау, энергия тұтыну және мұнай өңдейтін зауыттарды модернизациялау жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
#Брифинг #Үкімет отырысы #Өңдеу өнеркәсібіҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу