ҮИИД МБ жобаларының өнімдері әлемнің 110 еліне экспортталады - С.Ахметов
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорындардың өнімдері, әлемнің 110-нан астам еліне экспортталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.
Үкімет «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИД МБ) біздің еліміздің индустрияландыру бағдарламаларының ең негізгілерінің бірі деп есептейді. Осы бағдарлама аясында бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Ол жүзеге асырыла бастаған 3 жылдан бері өндірісте жұмыс істейтіндер саны 9%-дан астам өсіп, 550-ден астам жобалар іске асырылып, 2 трлн. теңгеден астам соманың өнімдері шығарылды. Индустриялық-инновациялық жобаларды іске қосу мен одан әрі пайдалану шеңберінде бюджетке 1 трлн. теңге түсті»,-деді сәрсенбіде өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында С.Ахметов.
Үкімет басшысы өнімдері әлемнің 110-нан астам еліне экспортталып отырған жаңа кәсіпорындар 250 жаңа өнім түрлерін шығаратын өндірісті игергенін атап өтті.
«Экономиканың жаңа салалары пайда болды. Бұл орайда транспорттық машина жасау саласын айтса да жеткілікті. Локомативтер, вагондар, автокөліктер сияқты бұрын шығарылмаған өнімдер түрлерін өндіру игерілді. Бұл ағым одан әрі жалғасуда»,-деп атап өтті С.Ахметов.
С.Ахметов, ҮИИДМБ және басқа салалық бағдарламалар шеңберіндегі бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының 1 бюджеттік теңгеге тиісінше, 100 теңге жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз