Мемлекет басшысының тапсырмасы: Агробизнесті қолдау бойынша қандай шаралар атқарылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет агроөнеркәсіп кешенін дамыту және агробизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру көлемі ұлғаюда, субсидиялау жүйесі реформалануда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың жаңа құралдары енгізілуде. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекет тарапынан қандай қолдауға ие екені туралы PrimeMinister.kz сайтында жарияланған шолудан оқыңыздар.

Агробизнесті жеңілдікпен несиелеу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында АӨК-ті тікелей субсидиялаудан қолжетімді несиелеуге кезең-кезеңімен көшу міндетін қойды. 

Биыл көктемгі егіс және астық жинау науқанын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі бірінші рет 3 еседен астам ұлғайтылып, 580 млрд теңгеге жетті, бұл кем дегенде 5 млн гектарды несиелендірумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама соңғы қарыз алушыға, АӨК субъектісі үшін жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын, 12 айға дейінгі несие мерзімімен теңгелей қарыз беруді көздейді. Бұл диқанға егінді оңтайлы жағдайда өткізуге және барынша пайда көруге мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаны іске асыруда кең көлемде камтамасыз ету үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржы институттарын қаржыландыруды жүзеге асырады. Осылайша, Агрокредиттік корпорацияның өзінен басқа жеңілдікті несие беру өңірлерде екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік, өңірлік инвестициялық орталықтар, микроқаржы ұйымдары арқылы да жүргізіледі.

Егін жинау жұмыстары барысында аграрларды қолдау үшін жеңілдетілген кредиттеуден басқа, егін жинау жұмыстарына 355 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отыны бөлінді, бағасы 250 теңге/литр,  (АЖҚС – 295 теңге/литр) бұл нарықтан 15%-ға арзан. Дәнді және майлы дақылдарды кептіруге қосымша 67,7 мың тонна дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ 5,1 мың тонна көлемінде сұйытылған газ бөлінеді.

АӨК-ті субсидиялау

Өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған. Мысалы, тыңайтқыштарға қол жеткізуді арттыру үшін олардың құнының 50-ден 60%-на дейін субсидияланады. Өндірушілерді тікелей субсидиялау механизмі фермерлерге арзан тыңайтқыштарды бірден сатып алуға мүмкіндік береді.

Өсімдік шаруашылығында тұқымдар, өсімдіктерді қорғау құралдары субсидияланады, суару жұмысында су үнемдеу технологияларын дамыту үшін қолдау шаралары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтерге қолданылады.

Мемлекет сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу үшін өнім сатып алу шығындарын (сары май, қатты ірімшік, құрғақ сүт өндіру үшін сүт сатып алу, ет, қант қызылшасын сатып алу) субсидиялауды жүзеге асырады.

 Мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау ашаралары

Мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту (селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге, тұқымдық мал басын, тұқымды, эмбриондарды және т. б. сатып алу үшін), мал шаруашылығы өнімдерін өндіру (тауық еті, сиыр, жылқы, түйе сүтінің құнын арзандатуға, бұқа/қой бордақылауға, жем-шөпке және т. б.) сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Субсидиялар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде төленеді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді инвестициялық субсидиялар төлеу түрінде қолдау, яғни, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілерінің шығыстарын ішінара өтеу көзделген.

Сонымен қатар АӨК субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау жүзеге асырылады. Бұл құрал АӨК субъектілеріне кепілдік беру жеткіліксіз болған жағдайда несиелік қаражат алуға мүмкіндік беретін кредиттік тәуекелдерді кепілдендіруді қолдауға бағытталған. Бұл схема бойынша несиелерді ішінара кепілмен қамтамасыз ету гарант есебінен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, мемлекет сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялайды. Негізгі мақсат – АӨК субъектілері үшін қарыз және сауданы қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.

ТСФ құрылысына несиет берудің жеңілдетілген бағдарламасы

2023 жылы СҚО-да 65 заманауи тауарлы-сүт фермаларын салуға жеңілдігі бар несие беру бағдарламасы басталды. Бұл мақсатқа алғашқы 100 млрд теңге бағытталды.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша қуаты 67 мың тоннадан асатын 16 жоба пайдалануға берілді.

Бағдарлама шеңберінде аналық мал басын әкелуге, сүт тапсыруға субсидиялау көзделген.

Осы жылы бағдарлама кеңейтілді және ТС, суару, көкөніс сақтау және құс фабрикаларын қаржыландырудан басқа, ет шаруашылығы, көкөніс және жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжайлар, сондай-ақ балық өсіру мен өңдеуге және асыл тұқымды репродукторларға қатысты жобалар секілдіияқты тағы 8 жаңа бағыт қосылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу