Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін баса айтқан болатын. Осы орайда Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары сараланды.

Шымкент қаласының биылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,4%-ға артты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға, инвестиция 14%-ға, құрылыс жұмыстары 22%-ға, жалпы сауда 16,3%-ға, көлік қызметі 30,2%-ға артты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 111,6%-ды құрады.

Қала инфрақұрылымын дамыту

Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, қаланы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 81 елді мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтылып, нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға артты.

Ендігі кезекте, 2024 жылы қаланың ауыз сумен қамтылмаған қалған елді мекендерін толық ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ды құрайды.

2023 жылдың қорытындысымен шағын аудандар және көпқабататты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті. Сонымен қатар 2024-2025 жылы 6 шағын ауданның кәріз жүйесіне жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.

Электр жүйесі бойынша 81 елді мекен толық әрі сапалы электр қуатымен қамтылған. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар 2024 жылы 4 елді мекеннің жаңақұрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарланған. 

54 елді мекен табиғи газбен қамтылған, 24 елді мекен көгілдір отынмен жартылай қамтылған. Қазіргі танда табиғи газдын көрсеткіші 96%-ды құрап отыр. 2024-2025 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4%-ға жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы аумағында тозу деңгейі 37%-ы құрайтын 838,6 км жылу құбырлары бар. Сондай-ақ 23 қазандық және 17 сорғы стансасы бар:

  • 23 қазандықтың тозу деңгейі – 30,5%-ды құрайды.

  • 17 сорғы стансалары тозу деңгейі – 41%

Биыл жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында, 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 нысан бойынша (Адырбеков, Нұрсат) 4,5 км жылу жүйелеріне реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.

​Осыған орай, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй және 464 бюджеттік мекеме тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.

2024-2025 жылы жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында 30,0 км жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.

Мегаполис аумағындағы заңсыз берілген жерлерге қатысты айтар болсақ, бүгінде дейін игерілмеген, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе тиісті құжаттары ресімделмей пайдаланылған жер телімдері анықталды. Осыған байланысты 460 жер телімін құзыретіне сәйкес тексеру үшін Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 53 хат жолданды.

2024 жылдың 8 айында Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 131 жер учаскесі бойынша басқарма құзыреті шегінде қарау үшін тиісінше 20 хат жолданды.

Қала экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің дамуы 

Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1 617 бірлікті құрады, оның ішінде 14 – ірі, 39 – орта және 1 564 – шағын кәсіпорын. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында 21 мың адам жұмыспен қамтылған.

Жалпы, өңірдің өңдеу өнеркәсібінің үлесі бүгінде 87%-ды құрап, республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары биылғы қаңтар-тамызында 621,6 млрд теңгенің (2023 ж. 8 айы – 594,6 млрд теңге) өнімін өндірп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 103,0%-ды құрады.

Түрлі сала бойынша өнім көлемінің артуы есебінен көрсеткішке қол жеткізілді, атап айтқанда фармацевтика өнеркәсібі – 39,1%-ға, химия өнеркәсібі – 36,7 %-ға, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру – 17,6%-ға, машина жасау – 6,0%-ға, мұнай өңдеу өнімдері – 2,3%-ға және сусындарды өндіру – 1,7%-ға артты.

Қала бірқатар өнім өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Республикада өндірілетін мақта майының 97%-ы, мақта маталарының – 93%-ы, дәрілік заттардың – 35%-ы, шыны ыдыстар өндірісінің – 34%-ы, цемент клинкерлері өнімінің – 31%-ы, мұнай өнімдерінің – 30%-ы, тазартылған күнбағыс майының – 29%-ы, өңделген шай мен кофе өнімдерінің – 28%-ы, минералды тыңайтқыштардың – 25%-ы, портландцементтің – 23%-ы қалаға тиесілі.

Индустриялық жобалар және тартылған инвестиция көлемі

Қала аумағында жалпы аумағы 1276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Аймақтарда 646 млрд теңге сомасына 430 жоба іске асырылып отыр. Бүгінгі таңға жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 8,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу арқылы 293 жоба іске асырылды.

Аталған аймақтарда құрылыс материалдары, ауыр металлургия, шыны өндірісі, машина жасау, жиһаз өндірісі, фармацевтика және тоқыма өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылды. Оның ішінде ірі жобаларға тоқтала кететін болсақ:

2019 жылы «Тассай» индустриялық аймағында машина жасау саласында Орта Азияда баламасы жоқ жалпы құны 20,1 млрд теңгені құрайтын «Asia Trafo» ЖШС-ның трансформатор зауыты құрылды. Сондай-ақ еліміздегі ең ірі кілем өндіретін зауыт «Бал Текстиль» ЖШС «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жобасын сәтті іске асырып келеді. Одан бөлек, «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан «QazAlpack» зауыты – Орталық Азиядағы алюминий банкаларын өндіру бойынша бірегей жобаны іске асырған алғашқы компания. 

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі саласына жаңа инвесторлар тарту мақсатында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласындағы жобаларды іске асыру үшін «Жұлдыз» индустриялы аймағын қосымша 155 гектарға кеңейту, жеңіл өнеркәсіп саласын одан әрі дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 гектарға ұлғайту, ауыр металлургия саласындағы жобаларды іске асыруға «Темір» индустриялық аймағы (1076 га), логистикалық хаб құру мақсатында сауда-логистикалық орталығын қосымша 136 гектарға ұлғайту көзделіп, дайын өндірістік алаңдар құру мақсатында 118 гектар аумаққа «Стандарт» жеке индустриялық аймақтары құрылуда.

Аталған аймақтарда 11 мың жұмыс орнын құра отырып, тартылған инвестиция көлемі 759 млрд теңге болатын, 275 жоба іске асырылады.

Шымкент – еліміздегі жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған қалалардың бірі.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылуы жеңіл өнеркәсіптің дамуына және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, отандық мақтаның тұтыну үлесін арттыру мен қосылған құны жоғары дайын жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға ықпал етті.

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсібіндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 171 бірлікті құрады, оның ішінде 2-уі – ірі, 8-і – орта және 161-і – шағын кәсіпорындар.

Жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарымен биылғы қаңтар-тамыз айларында 24,1 млрд теңгенің (2023 ж. 8 айы – 25,7 млрд теңге) өнімі шығарылып, өнеркәсіптік өндіріс индексі 84,0%-ды құрады. Саланы шикізатпен қамтамасыз ету бойынша шешімін таппаған мәселе жоқтың қасы. Алайда, бүгінде өнімдерді өткізу мәселесі өзекті болып отыр.

2024 жыл басынан бері саладағы бірқатар компания тұрақты тапсырыстардың болмауы, өнімдердің (иірілген жіптің) сатып алу бағасының төмен болуы, дайын өнімдерді өткізу нарығының тарылуы, шетелдік тапсырыс берушілердің сатып алынған тауарлар үшін жасайтын төлемдерінің кешіктірілуі (АҚШ долларындағы өзара есеп айырысу) сынды мәселе төңірегінде қиындықтарға тап бола бастады. Оған қоса, иірімжіп нарығындағы белгіленген баға өнімдерінің бәсекеге қабілетсіз және Өзбекстан тарапынан демпинг жасауы, компаниялар өндірісінің рентабельсіз болуына алып келді. Соның салдарынан, бүгінде «AZALA Cotton» ЖШС иірімжіп шығаратын фабрика өндірісі тоқтап тұрса, саланың өзге кәсіпорындарының жүктелуі төмен болуда. Осы мәселенің шешімі – бюджет қаражаты есебінен өткізілетін тендерлердегі жергілікті компаниялар үлесінің артуы болмақ.

Ауыл шаруашылығы саласы 

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған қала тұрғындары – 6 689 адам. 2024 жылы ауыл шаруашылығы бойынша 86,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Бүгінгі таңда, 8 айдың қорытындысына сәйкес, жалпы 66,0 мың тонна тонна өнім жиналды.

Атап айтқанда:

  • ​дәнді дақылдар – 16,1 мың тонна (бидай – 15,5, арпа – 0,7);

  • ​майлы дақылдар – 2,3 мың тонна;

  • ​мал азықтық – 17,8 мың тонна;

  • ​көкөніс пен бақша – 26,4 мың тонна;

  • ​картоп – 3,4 мың тонна.

  • ​АӨК экспорты көлемі – $116,1 млн;

Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 2024 жылы 9 бағдарлама аясында 3,9 млрд тенге субсидия және кредиттік жобаларды несиелендіруге 4 500,0 млн теңге бөлініп, 9 айда 2,7 млрд теңге игерілді.

  • ​Минералды тыңайтқыштарға – 44,1 млн теңге;

  • ​Тұқым шаруашылығына – 6,5 млн теңге;

  • ​Өнімділкті арттыруға-29,0 млн теңге;

  • ​Пестицидтердің, биоагенттерге – 0,2 млн теңге;

  • ​Басым дақылдарды субсидиялауға -299,3 млн теңге;

  • ​Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға – 432,4 млн теңге;

  • ​Сүтті қайта өңдеуге – 1501,5 млн теңге;

  • ​Инвестициялық субсидия- 7,4 млн теңге;

  • ​Сыйақы мөлшерлемесіне- 392,6 млн теңге.

Қала тұрғындарын әлеуметтік қамсыздандыру ісі 

Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 93 407 (2023 ж. – 89 926), оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 2 (2023 ж. – 2), тыл еңбеккерлері – 1 767 (2023 ж. – 1 950).

Жалпы көпбалалы аналар саны – 64 605 (2023 ж. – 50 375), оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналар саны – 13 370-ге жетті (2023 ж. – 12 395). Сонымен қатар 4 не 5 баласы бар 51 535 көпбалалы ана тіркелген.

2024 жылы ардагерлер мен аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2253 млн теңге қарастырылды, оның ішінде 1414,3 млн теңге игерілді. Зейнет жасындағы азаматтар үшін емдеу-сауықтыру шараларына 660,9 млн теңге қаралды, оның 257,8 млн теңгесі игерілді. Мереке және атаулы күндерге арналған бір реттік, ай сайынғы көмек көрсетуге 1,570,7 млн теңге қаралып, 1 156,7 млн теңге көлеміндегі қаржы төленді. Сонымен қатар зейнет жасындағы азаматтарды емдеу-сауықтыру шараларымен қамту мақсатында 5 мың ардагер мен зейнеткер үшін бюджеттен 738,4 млн теңге қарастырылып, 1 360 жолдама берілді. (2023ж.- 572,2 млн теңге).

Биылғы 7 айдың қорытындысына сәйкес, 7 797 отбасындағы 40 419 адамға атаулы әлеуметтік төлем жасалды. Қала халқын жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7%-ға азайып отыр. Мәселен, 2023 жылдың 7 айында 11 089 отбасындағы 56 199 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға 1,5 АЕК көлеміндегі көмек есепті кезеңде 6900 отбасындағы 13 494 бала үшін төленіп жатыр. Көмектің бұл түрін алушы отбасы саны да кеміген. Яғни, 2023 жылы 9 782 отбасындағы 18 608 балаға аталған жәрдемақы төленсе, өткен жылмен салыстырғанда көмек алушылар саны 27,5%-ға төмендеген.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2024 жылдың ІІI тоқсанына орта есеппен 34 662 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін МАӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен отбасының әр мүшесіне белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

2024 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 11,5 млрд теңге (2023ж.- 8,2 млрд теңге) қарастырылып, биылғы 1 тамыз жағдайы бойынша 6,4 млрд теңге төленуде.

Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электронды қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады.

Шымкент қаласында қазір 41 406 мүмкіндігі шектеулі азамат (2023 ж. – 40 282) тіркелген. Оның ішінде:

- бірінші топтағы мүгедекдігі бар адам – 4 526 (2023 ж. – 4003);

- екінші топтағы мүгедектігі бар адам– 15 421 (2023 ж. –15 405);

- үшінші топтағы мүгедектігі бар адам – 13 494 (2023 ж. – 13 289);

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 7 965 бала (2023 ж. – 7 585) тіркелген.

Биыл ерекше жандардан 37593 өтініш түсіп, оның 28139-і көмекпен қамтамасыз етіліп, 74,9%-ы орындалды.

​Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету үшін мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар тартылуда.

Бұл бағытта басқармаға қарасты 12 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Бұл орталықтарда 1162 қызметкер ерекше жандарға қызмет көрсетеді.

2024 жылдың 7 айында 3 285 адам арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында оңалту шараларымен қамтылды (2023 ж.- 3538 адам). Оның ішінде:

  • стационар жағдайда – 770 адам,

  • жартылай стационар жағдайда – 609 азамат (2023ж.- 629 адам),

  • үйде қызмет көрсету жағдайда – 944 азамат;(2023ж.- 953 адам);

  • уақытша болу жағдайы – 461 азамат (2023ж.- 644 адам)

  • үкіметтік емес ұйымдар арқылы – 501 адам қызмет алды (оның ішінде 179 жартылай стационар 322 үйде қызмет көрсету).

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 244 отбасындағы 450 адам «қандас» мәртебесін алды, ал 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 27 отбасынан 34 адамды құрады.

Қандас мәртебесін алған азаматтар ішінде – 225 ер адам және 225 әйел адам, 18 жасқа дейінгі – 132 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар саны – 50 адам, еңбекке қабілетті жастағылар – 268 адам. Білім деңгейі бойынша жоғары білімді – 49 адам, орта арнайы білімді – 125 адам, жалпы орта білімді – 88 адам, білімі жоқ – 6 адам.

Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келген. Қоныс аударған 441 адам Өзбекстаннан, 1 адам Қырғызстаннан, 6 адам Ресейден және 2 адам Түркіменстаннан келген.

Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді, сонымен қатар сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысады.

Шымкентте 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызмет көрсету. Бүгінгі таңда 19 отбасынан 51 адам бейімдеу қызметін алып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобилді орталығына бүгінде 96 қандас жүгінген. Олардың ішінен 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда:

  • 14 адам тұрақты бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданған;

  • 3 адам жастар практикасына;

  • 3 адам қоғамдық жұмыс орындарына;

  • 9 адам алғашқы жұмыс орындарына;

  • 1 адам «Күміс жас» жобасына;

  • 18 адам «Бастау Бизнес» жобасы https://business.enbek.kz/kk шеңберінде оқуға тіркелген.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ бұйрығына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының (бұдан әрі – ӘМАТ) тізбесі бекітілген.

Шымкент қаласында жыл басынан бері ӘМАТ бағасы 1,5%-ға төмендеп, баға индексі 98,5%-ды құрайды. Айналым механизмі аясында қарыз қаражат беру және форвардтық шарттар түзу, тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу, делдалдық қызметті шектеу шараларын ұйымдастыру арқылы нәтижеге қол жеткізілді.

Жергілікті бюджеттен 7,7 млрд теңге бөлініп, бүгінгі таңда 70-ке жуық сауда орындарында ӘМАТ нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді. Сонымен қатар ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы және ет (сиыр еті, тауық еті) өнімін өндіруші кәсіпорындармен келісім-шарттар түзіліп, бекітілген сауда орындарында тауар өндіруші бағасымен сатылуда.

Оның ішінде:

  • ірі сауда желілері «Magnum» және «Gramad»;

  • халықтың тығыз орналасқан аймақтарында орналасқан үй маңындағы дүкендер;

  • сиыр етін өндірушілер «Каскасу-С», «Байтерек» және «Алтын төбе» шаруа қожалықтары;

  • көкөніс тауарын өндіруші шаруа қожалығы «Колесников»;

  • нан пісіруші наубайхана ЖК «Темиршиков NAN ONIMDERI»;

  • ұн өндірушілер «Дос» ЖШС, ЖК «Урунбеков М.Л.», ЖК «Анарметов»;

  • тауық еті мен жұмыртқасын өндірушілер «Қайнар құс» ЖШС және «Аймар құс», «КазКом Агро» ЖШС;

  • күнбағыс майын өндіруші ЖК «Урунбеков М.Л.»;

  • күнбағыс майын, құмшекер, күріш өнімдерін жеткізуші «Торговый дом Мейр Трейд» ЖШС.

Қала тұрғындарын күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларымен нарықтан 10-15% төмен бағада қамтамасыз ету мақсатында жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының қатысуымен апта сайын қаланың 8 жерінде тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді.

Құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, дистрибьюторларға хронометраждық зерттеу жүргізе отырып, делдалды және де электронды шот-фактуралар арқылы жеткізуші мен тұтынушы арасындағы тауарлардың бағасын анықтап, 15%-дық шекті сауда үстеме мөлшерінің сақталу талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар 568 кәсіпкерлік субъектінің электронды шот-фактураларына талдау жүргізіліп, 382 сауда субъектісі 15%-дық шекті сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ӘМАТ-ның бағасын негізсіз өсірмеу және 15%-дық шекті сауда үстеме деңгейін асырмау жөнінде, сауда орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жалпы қала аумағында азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, ӘМАТ-ның бағасы тұрақты бақылауда.

Шағын және орта бизнес 

Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2024 жылға 21,8 млрд теңге қаржы бөлініп, құны 14,1 млрд теңге болатын 3664 жобаға қолдау көрсетілді.

2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 132,1 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық. Жалпы, жыл басынан бері 3 656 жаңа шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ашылған. 

Сонымен қатар 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік арқылы өндірілген өнім көлемі 699 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға артқан.

Тартылған инвестицияның қала экономикасына әсері

Шымкент 2018 жылы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болып, дамудың жаңа тарихи кезеңіне енді. Бүгінде Шымкент – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаласы. Соңғы 5 жылда қала экономикасына 2,2 трлн теңге инвестиция тартылып, инвестиция көлемі 3,7 есеге өсті.

Қала аумағында орналасқан жалпы аумағы 1276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақта құрылыс материалдары, ауыр металлургия, шыны өндірісі, машина жасау, жиһаз өндірісі, фармацевтика және тоқыма өнеркәсібі саласында жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 8,5 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, 293 жоба іске асырылды. Оның ішінде ірі жобаларға тоқтала кететін болсақ: «Тассай» индустриялық аймағында машина жасау саласында Орта Азияда баламасы жоқ жалпы құны 20,1 млрд теңгені құрайтын «Asia Trafo» ЖШС-ның трансформатор зауыты 2019 жылы құрылды. Сондай-ақ еліміздегі ең ірі кілем өндіретін зауыт «Бал Текстиль» ЖШС «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жобасын сәтті іске асырып келеді. Одан бөлек, «Оңтүстік» индустриялы аймағында орналасқан «QazAlpack» зауыты – Орталық Азиядағы алюминий қалбырлар өндіру бойынша бірегей жобаны іске асырған алғашқы компания.

Аталған жобалар қала бюджетіне 60,3 млрд теңге қаржы түсіріп, өнеркәсіптік аймақтарға кеткен 1 теңге бюджеттік инвестицияға 12,5 теңге жеке инвестиция тартылды. Cондай-ақ қаланың өнеркәсіптік өнім көлемі 1,9 есе өсті.

Қала жолдарының бүгінгі жай-күйі 

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы – 3247,6 шақырым. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2312,3 шақырымы – асфальт жол, оның жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2%-ды құрайды.

Шымкент қаласының жол желісін дамытуға, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бюджеттен 48,5 млрд теңге қаражат қарастырылып, бүгінгі күні жаңа жолдардың құрылысы, реконструкция, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Атап айтар болсақ:

10 нысан немесе 29,4 км жаңа жол құрылысы жоспарланып, биыл 6 нысан немесе 21,8 км жол пайдалануға берілмек.

6 нысан немесе 24,9 км жолды реконструкциялау жоспарланса, биыл 2 нысан немесе 3,7 км жолды пайдалануға беру жоспарда бар

2 нысан немесе 17 км жолды күрделі жөндеу жоспарланып, жұмыс жүргізілуде. 

345 көше немесе 235,6 км жолдарды жөндеу жоспарланған, бүгінгі күні 185 көше немесе 123,3 км жолға жөндеу жұмыстары жүрізілуде, қалған 160 көше немесе 112,3 км жолға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Жыл қорытындысына сәйкес, 215 көше немесе 137 км жолдарға асфальтбетон қабаты төселіп пайдалануға беріледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша аудандардағы 133 шақырым бұрынғы шағалтасты жолға асфальтбетонды қабат төселеді.

Қала көшелерінің асфальтбетон жамылғысындағы 450 мың м2 шұңқырларын жамау жоспарланып, 275 мың м2 шұңқырлары жамалды. Шұңқырларды жамау жұмыстары 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты.

Сондай-ақ тұрғындардың сұраныстарына сәйкес, тез арада жағдай жасау мақсатында бұрын асфальтбетон қабаты болмаған 81 көшеге немесе 30 км көшеге асфальтбетон қабатын салу жоспарланып, бүгінгі күні 36 көшеге асфальт қабаты төселді.

Жұмыссыздықты азайту шаралары 

Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы жұмыспен қамту шараларына 56 962 адамды қатыстыру жоспарланған, биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 27 168 адам жұмыспен қамтылды.

​2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланды: оның ішінде кәсіптік оқытуға 3732 адам, кәсіпкерлікті дамыту 4 176 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адам, тұрақты және бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам қамтылды. Сонымен қатар 26 482 жаңа жұмыс орны: оның ішінде 3 140 орын – концепция және Даму жоспары есебінен, 23 342 орын – жеке бастама есебінен құрылатын жұмыс орындары.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылдың 2 тоқсандағы жағдай бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға төмендеген. 

Цифрландыру мен инновацияларды енгізу процесі 

Қазіргі таңда, қаланы цифрландыру «Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталонды стандарты аясында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қала аумағында барлығы 3177 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында қиылыстарда 845 бейнебақылау камерасы және қаланың желілік учаскелерінде 832 бейнебақылау камерасы, ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы бейнебақылаудың 1500 айналмалы камерасы, сондай-ақ қаланың барлық мектептерінде 2385 бейнебақылау камерасы және 381 SOS батырмасы орнатылған.

Қоғамдық көлік басқару бойынша қоғамдық көліктің қозғалысын бақылау жобасы жүзеге асырылды. I-kolik мобилді қосымшасы әзірленді, ол GPS трекинг арқылы аялдамаға белгілі бір қоғамдық көліктің қозғалысын және келуін бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде оларды AppleStore және PlayMarket қосымшаларынан жүктеуге болады.

Жол ақысын электронды жинайтын Tolem жүйесімен қамтылды. Ол KASPI, QR, SMS арқылы қолжетімді. Қалалық қоғамдық көліктер үлесі 100%.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында Смарт су есептегіш құралы және жарықтандыруды басқару жүйесі қарқынды дамып, қала аумағында толық 100% цифрландырылған.

Жер қатыныстар саласында: бірқатар қызметтер автоматтандырылып, қаланың геоақпараттық жүйесі geo-shym.kz енгізілді. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында 16 мемлекеттік қызмет пен сервис автоматтандырылды, сондай-ақ жер учаскелерін электронды түрде беру бойынша қызметтің 2 түрі көрсетіледі.

Қазіргі таңда, білім беру ұйымдары Kundelik.kz бірыңғай білім беру интернет-порталымен 100% қамтылған.

Денсаулық сақтау саласы бойынша қазіргі уақытта медициналық 35 ұйымда «ДамуМед» ақпараттық жүйесі енгізіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қаладағы мемлекеттік медициналық мекемеде QR-код жүйесі іске қосылды. Жаңа технология арқылы дәрігерлер жайлы деректер, жұмыс кестесі, еңбек өтілі және науқастардың пікірлерін білуге мүмкіндік бар.

PACS жүйесі уақытты үнемдеу, қашықтан құжат алмасу, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді.

Қала аумағында атмосфералық ауаны автоматты түрде бақылайтын 10 станса құрылды. Стансалар қала аумағындағы атмосфералық ауаның ең ластанған жерлерінде орнатылды. Мәселен, тұрғындардың шағымдарына байланысты мұнай өңдеу зауыты мен «Оңтүстік» индустриялы аймақтарда орналылған.

Туризм және мәдениет саласындағы «Visit Shymkent» туристік порталы – KAZNET-тегі ең ірі туристік порталдардың бірі әрі желідегі «Саяхат» бөлімінде тұрақты түрде жоғары орын иеленіп келеді. Портал қала тұрғындары мен туристердің таңдауын жеңілдететін, олардың ақшалай және уақыт ресурстарын үнемдейтін цифрлық сервиске айналды.

Сонымен қатар биыл жол қозғалысын реттейтін автоматты басқару (ақылды бағдаршам), автожолдардың сапасын бақылау, жасыл кеңістіктердің сандық есебі жүйелерін цифрландыру бойынша жобалар іске асырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технология паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын. Тапсырманы орындау шеңберінде биылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев және қала әкімі Ғ. Сыздықбековтің төрағалығымен Теріскей мөлтек ауданы, №66/2 мекен жайында Shymkent–HUB ашылды.

Сонымен қатар биылғы II жартыжылдықта атқарылған пилотты жобалар:

​1. «Alaqan» - бәріне бірыңғай қолжетімділік қағидаты арқылы жұмыс істейтін қол алақанының тамырлары бойынша патенттелген биометрияға арналған экожүйесі. Аталған жүйе бойынша әкімдік және «Alaqan Technologies» компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандум түзіліп, қалалық әкімдік ғимаратының және Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясының кіре берістеріне биометриялық аутентификация жүйесі енгізілді.

2. Қатты тұрмыстық қалдықтар орындарында «Цифрлы контейнер» жобасын іске асыру мақсатында қаламыздағы қоқыс алаңшаларына талдау жұмыстары жүргізіліп, жеке компания тарапынан Желтоқсан көшесі №88 мекен-жайында орналасқан қоқыс алаңшасына 3 аналитикалық бағдарламалық бейнебақылау жүйесі пилотты түрде орнатылды.

​Ұсынылатын көрсеткіштер төмендегідей:

  • Қоқыс жәшігінің толып кетуін қадағалау;

  • Қоқыс өртінің аналитикасы;

  • Көлік құралдарын талдау;

  • QR код арқылы 109-Бірыңғай байланыс орталығының ватсап мессенджеріне тікелей сілтеме.

3. «HR-process» – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарына арналған кадрлық іс жүргізудің «бұлтты» жүйесі.

Енгізілу мақсаттары:

- Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл;

- Жалақыны есептеу үшін ақпараттың дұрыстығы;

- Кадрлық басқарудағы орталықтандыру;

- Кадрдың біліктілігіне қарамастан НҚА-мен қатаң сәйкестігі.

Аталған жобаны №2 Шымкент қалалық емханасына пилотты түрде енгізу жұмыстары жүргізілуде.

4. «Цифрлық комплаенс ассистент» жүйесін іске асыру мақсатында Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарасты «Куатжылуорталык-3» КММ-ге пилотты түрде іске асырылуда.

Жүйе мүмкіндіктері:

• Сенім телефоны және тергеу;

• Мүдделер қақтығысын реттеу;

• Даму және ресурстар;

• Есеп беру;

• Комплаенс офицерлердің негізгі әдістемесі.

Туристік инфрақұрылым және туризмді дамыту шаралары

Cтатистикаға сәйкес, 2024 жылы салалық министрліктің бекіткен индикаторы бойынша ішкі туристер санын арттыруды 534 мыңға, келетін туристер санын 63 мың адамға жеткізу жоспарланған.

2024 жылдың бірінші тоқсандағы қорытындысына сәйкес, жалпы қалаға келген туристер саны 252 919 адамды құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 17,5%-ды құрады. Қазіргі таңда Шымкентте біржолғы сыйымдылығы 6 384 төсек-орынды құрайтын 144 қонақ үй туристерге қызмет көрсетіп келеді.

2024 жылы 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда («Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel»). Инвестиция көлемі болжаммен 7 млрд теңгені құраса, тұрақты ашылатын жұмыс орны 260-ты құрап отыр. 2024 жылдың 7 айында туризм саласымен сабақтас салалар бойынша (14 ОКЭД – туризм саласына негізгі капиталға салынған инвестиция) 25 млрд теңгеге инвестиция құйылды.

Туризмді дамытудағы басты талаптардың бірі – көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету. Осы орайда биыл темір жол вокзалын реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы жыл соңына дейін халық игілігіне берілмек.

Қазіргі таңда, Сайрамдағы «Хызыр», «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысандар аумағында жол, навигациялық жаңа тақтайша, орындықтар, қоқыс жәшіктері және жаңа санитариялық-гигиеналық орындар салынды.

Маусым айында Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды. Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Жалпы қонақ үйде 167 бөлме, 1-ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс оры ашылады.

Қызмет көрсету саласы

Қалада республикалық маңызы бар 7 тарихи-мәдени нысанмен (Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбдел Әзіз баба, Қожа салық, Мірәлі баба, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы) қатар, өзге де туристік нысандардан құралған тарихи-мәдени, экологиялық-экстремалды, ойын-сауықтық, өндірістік 37 туристік маршрут жұмыс істеп келеді.

Өз кезегінде Шымкент қаласында тікелей әуе бағытында 12 ішкі (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей) және 5 халықаралық рейс (Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси) қатынайды.

Тікелей ұшақпен киелі Түркістанға келетін туристерге Шымкент қаласының туристік нысандарын жарнамалау мақсатында Түркістан қаласының әуежайында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық дүңгіршек ашылды.

​Сәуір айының 22-24 күндері аралығында «Гид-экскурсоводтарға, қонақ үй қызметкерлеріне және рестораторларға» арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Жалпы семинарға бизнестің 90 қызметкері қатысты.

Туристік іс-шаралар және маркетинг

Әкімдіктің ұйымдастыруымен биыл қаңтар-сәуір айларында Индонезия, Ресей, Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея және басқа да елдерден келген блогер мен туристік ұйымдарға қаланың туристік әлеуеті таныстырылып, 13 танымдық-ақпараттық экскурсия өткізілді.

Сонымен қатар 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында биылғы 26-30 наурыз аралығында ҚХР-ның Пекин қаласында өткен көрмеде қаланың туристік мүмкіндігі бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, жоғары деңгейде таныстырылды. 

Сондай-ақ биылғы 25-26 маусымында Қытайдың Үрімші қаласында «Қытай – Қазақстан аумақтық байланыс» III форумы өтті. Форум аясында «Жеті тандыр» мейрамханасының қолдауымен Шымкент қаласының гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды.

​Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау. Осы орайда, биылғы 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды.

Білім беру жүйесін дамыту көрсеткіштері

Бүгінгі таңда қаладағы мектеп саны 275 құрап отыр (мемлекеттік 150, жекеменшік - 125). Ондағы білім алушылар саны 259 173. Оның ішінде мемлекеттік мектепте 206 286 оқушы (79,6%), жекеменшік білім ордаларында 52 887 оқушы (20,4%) білім алуда.

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты мектептердегі білім алушылардың 2023-2024 оқу жылындағы білім сапасы жалпы 56,8%-ды құрады. Бұл көрсеткіш Республика деңгейінде жетінші орынды көрсетеді. 2022-2023 оқу жылында 56,2% болған, 0,6%-ға артып отыр. (Негіздеме: «Күнделік. kz» электронды журналы).

Бүгінгі таңда қалада үш ауысымда білім беретін мектеп жоқ.

2024 жылдың сәуір айында 1 мектеп ғимараты техникалық сараптама қорытындысы негізінде аппатты деп танылды. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратына қосымша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту қорытындылары 

Шымкент қаласындағы денсаулық саласы бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер:

  • ​дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды, тиімді пайдалану үшін 1с + «кмис(маж)» ақпараттық жүйесі 100%-ға интеграцияланды;

  • 2023 жылмен салыстырғанда дәрілік заттармен қамтамасыз ету 3 есеге өсті;

  • Шымкент қаласы медициналық мекемелеріне 23 жедел жәрдем көлігін алу үшін 450 млн теңге бөлінді;

  • Медициналық ұйымдардың ұлттық аккредитациядан өтуі 48,7%-ды (40 МҰ) құрады;

  • сенімгерлікке берілген №13 қалалық емхана және №2 қалалық емхана 2 мемлекетке қайтарылып, сенімгерлікке берілген залалсыздандыру орталығының инвестициясы 300 млн теңгеден 351 млн теңгеге артты;

  • ​денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды ұлғайту мақсатында шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар №2 қалалық аурухана перзентханасы мен қалалық перзентхана 2-ден 3-деңгейге; №3 қалалық аурухана перзентханасы 1-ден 2-деңгейге көтеріліп, 2023 жылы босандыру және бала қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 942 357,9 мың теңге сомасына 151 бірлік жабдық сатып алынды (оның ішінде инкубаторлар, мониторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған ӨЖЖ (ИВЛ), жасанды қан айналымы аппараттары, маммографтар).

Қалада эндокринологиялық төсек орны 50-ге дейін көбейтілді және қосымша пульмонология және диабеттік табан, қосымша нейрохирургия бөлімшелері ашылды.

Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында материалдық техникалық базалары 2022 жылы 79,1%-дан 2024 жылы 85,7%-ға өсті. 2024 жылы 2 медициналық (№1 қалалық клиникалық аурухана, Қалалық жұқпалы ауруханасы) салалық мекемелерінде жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Қала тұрғындарына қадамдық жақындықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жыл 2024 жыл аралығында 14 емхана ашылып, орташа жүктеме 31 мыңнан 21 мыңға азайды.

Бүгінде Қалалық клиникалық балалар ауруханасының төсек орыны 315 тен 495 ке дейін өсіп, тұрғындар көрсетілетін стационарлық медициналық көмектің қолжетімділігі артылды;

 Бұқаралық спортты дамыту шаралары

Қаламыздағы бұқаралық спорттың дамуы спорттық инфрақұрылымға байланысты. Қазіргі уақытта, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені пайдалануға берілді.

Ал, жыл соңына дейін қалалық №12 спорт мектебінің құрылысы және «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы биыл сәуір айында басталды. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.

Алдағы уақытта, Тұран шағын ауданындағы 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпидалық, сурдлимпиалық спорт кешенінің» құрылысын 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта, Тұран құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қатар 2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866 млн теңге қаржы қарастырылды.

Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 121 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 18 түрінен 205 секцияда 17 024 бала спортпен айналысуда.

Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқада қызметкер жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы саны 523 адам.

Жыл басынан қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту, спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 159 спорттық (халықаралық, республикалық, қалалық, бұқаралық) іс-шаралар өткізіліп, оған 18 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде ауқымды спорттық іс-шараларды айтар болсақ:

  • «Наурыз» мерекесі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар;

  • Бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты;

  • Садақ атудан халықаралық турнир;

  • Қазақ күресінен «Шымкент Барысы»;

  • Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада;

  • Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада.

  • Аула чемпионаттары 34 жерде өткізіліп, жалпы 1200-ден астам бала мен іс-шараны өткізуге 80-нен астам спорт қызметкері жұмылдырылды. Алдағы уақытта «Аула чемпионаттары» жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Жыл соңына дейін Шымкент жастар Лигасы, футболдан жас ерекшеліктері бойынша лига жарысы, спорт мекемелері қызметкерлері арасында спартакиада жарысы, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері арасында спорт түрлерінен спартакиада жарыстары және басқа да спорттық іс-шаралар өткізілетін болады.

Қазіргі уақытта, бұқаралық спортты дамыту аясында қаламыздағы бұқаралық, спорттық іс-шараларды өткізу үшін «Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын бастады.

Тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету 

Шымкент қаласының 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына атқарылатын дайындық жұмыстарының іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге дайындық барысы қазандықтар мен турбиналар бойынша:

«3-Энергоорталық» АҚ-ы (ЖЭО-3) қысқы маусымға дайындық жұмыстарына 1074,89 млн теңге қаржы қарастырылған, игерілгені 1032,65 млн теңге (96%), жұмыстар жалғасуда.

Қаланың 26 бөлек орналасқан жылу қазандықтардан дайындалғаны 24 және орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансалардан дайындалғаны 15, дайындық жұмыстары жалғасуда. Қаланың жалпы жылу желілерінің ұзындығы 838,6 км құрайды, оның тозығы жеткені 37%. 

Бүгінгі күнге, барлық жылу желілеріне гидравликалық қысыммен тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, 136 ақау анықталды, оның 126-ы ретке келтірілді, қалған ақаулар қазан айының 1-не дейін толық ретке келтірілетін болады.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен 4,0 млрд теңгеге келесі жұмыстарды атқару жоспарланған. Атап айтқанда, 2,4 млрд теңгеге 29,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме «ТаразСтрой - 2004» ЖШС-і болып анықталып, жұмыстар жүргізілуде; Қазіргі таңда 25 км демонтаж жұмыстары жүргізілді, 14,5 км монтаж жұмыстары жүргізілді, жұмыстар жалғасуда. Көпқабатты тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелердің дайындығы бойынша қала аумағындағы 2107 көпқабатты тұрғын үйлерден дайындалғаны 1806 үй (85,7%) және 463 бюджеттік мекемелерден дайындалғаны 463 мекеме (100%).

​Жалпы қаланың 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы бақылауға алынған, апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

 Электр энергетикасын өндіру және тиімді пайдалану

Шымкент қаласында электр энергиясын тұтыну 390-420 МВт-ты құрайды. Қала 220 кВ қосалқы стансадан (Шымкент, Бозарық) электр қуатымен қамтылуда. Барлық қосалқы стансалар 220 кВ екі әуе желісі бойынша «Шымкент» 500 кВ ҚС-нан қоректенеді, сондай-ақ 2021 жылы бюджет есебінен «Бозарық» қосалқы стансасы салынды.

Қалада 1 энергия өндіру стансасы бар: «Энергоорталық-3» АҚ белгіленген қуаты 116 МВт, 11.05.2024 жылға өндірілген электр энергиясының көлемі 71 МВт-ты құрайды. Қаланы электр қуатымен қамтамасыз етеді. Қалған бөлігі, «Кегок» АҚ желілері арқылы басқа көздерден - 274 МВт (384 МВт/сағ max) алынады. Сонымен қатар қалада жалпы қуаты 21 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 3 нысаны бар (2 дана күн электр станциясы, 1 дана биогазды қондырғы).

Одан бөлек, электр энергиясы саласын дамыту мақсатында, Шымкент қаласының әкімдігі «Aska Energy» компаниясымен қалада қуаты 500 МВт-ға дейінгі бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ қала аумағында электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында даму жоспарына сәйкес, 220 кВ айналма электр желісіне және «Қызылсу» 220/110/10 кВ қосалқы стансасына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаны 2025-2027 жылдары іске асыру жоспарланып отыр.

2029 жылға дейін ішкі электр жүктемесін реттеу және жаңа көзді құру үшін 6 қосалқы станса («Ынтымақ» 110/10 кВ, «Тұран» 110/10 кВ, «Шымсити» 110/10 кВ, «КЛО» 110/10 кВ, «Бозарық-2» 110/35/10 кВ, «Жұлдыз» 220/110/10 кВ) салу жоспарлануда.

​Қала «Энергопоток» ЖШС кепілді жеткізушісін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, ҚҚС есептемегенде 1 кВт/сағ тарифтер:

  • жеке тұлғалар үшін-20,85 теңге;

  • заңды тұлғалар үшін-1 05.2024 жылдан бастап 37,0 теңге.;

  • Заң үшін.мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тұлғалар – 61,34 теңге;

  • ӘМАТ өндірушілері үшін – 30,06 теңге.

Келтірілген деректер қорытындысына сәйкес, Президент Жолдауында қойылған міндет – еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасып отыр.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу