Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр — Ауыл шаруашылығы министрлігі

Шағын шаруашылықтардан сатып алудың басымдылығын белгілей отырып, жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуды ұйымдастыру туралы мәселе пысықталып жатыр. Бұл туралы Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің «Биылғы егінді сақтау, өткізу мәселелері және оларды шешу бойынша Үкіметтің жоспары» тақырыбындағы кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. 

«Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл шара нарықты тұрақтандыруға және нарықтық құны бойынша 155 мың тоннаға дейін астық сатып алуға мүмкіндік береді. 1 млн тоннаға жуық ауқымды сатып алу үшін 75 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажет», — деді спикер 

Оның айтуынша, Азық-түлік корпорациясы астықтың ішкі бағасын төмендету кезеңінде фермерлерге интервенциялық сатып алу арқылы астықты тиімді бағамен сатуға көмектеседі, осылайша фермерлердің шығындарын азайтады. Жоғары баға кезеңінде мемлекеттік оператор астықты ұн тарту, мал және құс шаруашылықтарына нарықтық бағадан төмен бағамен өткізеді, осылайша түпкілікті өнім бағасының өсуін тежейді. 

«Азық-түлік корпорациясы өз қызметі аясында форвардтық келісімшарттар мен тауарлық кредиттер беру, ұн тартатын, мал және құс шаруашылықтарына арзандатылған бидайды өткізу арқылы нарыққа жүйелі қолдау көрсетеді. Бұл тетік агроөнеркәсіптік кешенің дамуын ынталандыра отырып, экономикаға мультипликативті әсер етеді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру түрінде әлеуметтік тұрғыда әсер етеді», — деді Айдарбек Сапаров. 

Оның айтуынша, несиелер мерзімін ұзартуға қатысты қайта құрылымдауды қарастыру туралы шаруалар өтініштері келіп түсуде. Мәселен, АКК-ға 119 диқаннан 5,1 млрд теңгеден астам қарыз сомасына өтініштер келіп түскен. Алайда бұл жерде несие қаражатын беру бюджеттік қарыздар есебінен жүргізілгенін атап өткен жөн. Келіп түскен өтінімдерді «Бәйтерек» акционерлік қоғамы жеке тәртіппен қарайтын болады.

Шаруалардың субсидиялар бойынша берешегіне қатысты өңірлердегі бастапқы қажеттілк 359,1 млрд теңгені құрады. Министрлік тиісті өтінім жасап, Қаржы министрлігіне жолдады, алайда, Қаржы министрлігі жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастыру туралы ұсыныс жасады.

Осыған байланысты бірқатар өңір жергілікті бюджет қаражатынан қосымша ресурстар іздеуіне байланысты басқа бюджеттік бағдарламалардан қаражатты қайта бөлу жолымен азайтылды. Бүгінде субсидиялауға қосымша қажеттілік 256,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде:

- қаржы құралдары – 118 млрд теңге;

- өсімдік шаруашылығында – 95,3 млрд теңге;

 - мал шаруашылығында – 43,5 млрд теңге.

Бұл ретте, «күту парақтарында» 194,8 млрд теңге көлемінде қабылданған өтінімдер бар, оның ішінде:

-              қаржы құралдары – 118 млрд теңге (инвестициялық 

-              өсімдік шаруашылығы – 56,8 млрд теңге;

-              мал шаруашылығы – 20 млрд теңге;

«Биылғы басым бағыттардың қосымша қажеттілігін өтеуге 91,9 млрд теңге қажет. Өзара есеп айырысу механизмін қолдану бойынша Аграрлық несие корпорациясы және Қазагро қаржы мекемелері қаржы институттары болып саналады, сондықтан алынған қарыздар/лизинг үшін өнімді есептеу олардың несиелік саясатында қарастырылмаған», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі. 

Спикердің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда астықты тасымалдауға шамамен 11,8 мың бірлік астық тасушы және 16 мың бірлік жабық вагон тартылған. Биылғы 10 айда Қазақстан темір жолы мекемесінің қатысуымен 7,9 млн тонна астық жүктерін тасымалдады, оның ішкі қатынастар бойынша 1,9 млн тоннасы және экспортқа 6 млн тоннасы жөнелтілді.

«Шаруалар тарапынан көтерілген әрбір сұрақ өте өзекті, біз өз тарапымыздан осы мәселелерді шешуге барынша күш салып келеміз. Алайда, түйткілді мәселелердің түйінін шешу бізге ғана байланысты бола бермейді, осыған байланысты біз тиімді шаралар қабылдау үшін мүдделі органдармен жұмыс жасап жатырмыз», — деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастырып келеді. Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлер алаңдарын кеңейту, жемшөп дақылдар тұқымы шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру шараларын қабылдау мақсатында Жемшөп өндірісін дамытудың жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Биыл өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14%-ды құрап отыр, аталған көрсеткіш 2023 жылы 13% болған. 24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн. тонна), 1,7 млн тонна пішен, 4,6 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна құнарлы мал азығын және 2,0 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.

Биылғы 18 қарашадағы жағдайы бойынша 34,9 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жылдық жоспардан 142,6%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 5,6 млн тонна құрама жем (102,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,9%) және 5,1 млн тонна сабан дайындалды (111,9%).

Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу