Роман Скляр «Газпром нефть» ЖАҚ басшысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Газпром нефть» ЖАҚ басқарма төрағасы Александр Дюковпен кездесті.

Тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. А. Дюков Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін қызығушылық тудыруы мүмкін компанияның технологиялық жетістіктері туралы айтып берді.

Өз тарапынан Р. Скляр жақсартылған модельдік келісімшарт шеңберінде инвесторлар үшін ҚР-да бар преференциялар туралы хабардар етті.

#Роман Скляр #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу