10 Маусым 2024, 19:10
Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты өзекті өзара іс-қимыл мәселелерін және өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобалардың іске асырылу барысын қарастырды.
Роман Скляр ҚР мен РФ арасындағы 2019 жылы қол қойылған өнеркәсіп саласындағы бес жылдық мерзімге бірлескен іс-қимыл бағдарламасының Жол картасының маңыздылығын атап өтті. Бұл екі елдің өнеркәсіптік жобалар портфелін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
#Роман Скляр #Халықаралық ынтымақтастықҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу