Роман Скляр мен Марат Хуснуллин Қазақстан мен Ресейдің құрылыс саласындағы ынтымақтастығын талқылады 

Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесу өткізді.

Кездесуде құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сараптама, құрылыстағы баға белгілеу, тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

#Роман Скляр #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу