Бүгін Астанда Индустрияландыру картасы жөніндегі Жалпыұлттық телекөпір өткізіледі

Бүгін, 25 желтоқсанда, Астанда Индустрияландыру күні аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың екінші жартысында  пайдалануға берілген Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған   Жалпыұлттық телекөпір өткізіледі, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.  

Н.Назарбаев  ҚР Президентінің  дәстүрлі «Алтын сапа», «Парыз»  сыйлықтарының лауреаттарын және «Қазақстанның ең үздің тауары» республикалық конкурс-көрмесінің  дипломанттарын  салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.

Телекөпір барысында Елбасы  «онлайн» режімінде Индустрияландыру картасының 10 жаңа жобасын іске қосады деп күтілуде. Бұлар -  Маңғыстау облысындағы аммиак, азот қышқылы және  аммиак селитрасын өндіретін «ҚазАзот» компаниясы,  Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы  өнеркәсіптік газ өндіретін «Линде Газ»  кешені, Ақмола облысындағы  сирек кездесетін топырақ концентратын өндіретін  «Сареко» ЖШС (СП КазАтомПром и Sumitomo Atom),  Шығыс Қазақстан облысындағы «ВостокМашЗавод» вагон құю  компаниясы, Жамбыл облысы Шу қаласындағы маневрлік тепловоздар өндіретін зауыт, Солтүстік Қазақстан облысындағы мұнай өнеркәсібі өнімдерін өндіретін «Мұнаймаш» компаниясы, Шығыс Қазақстан облысындағы «құрғақ тәсіл» бойынша  цемент өндіретін «Қазақцемент» компаниясының зауыты, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Зенченко и К»  командиттік серіктестігінің жел энергетикалық қондырғысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданындағы мақта сабақтарынан  ДСП өндіретін кәсіпорын, Жамбыл облысындағы «Қордай-Шу» жоғары қысымды газ құбыры сияқты кәсіпорындар.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бүгінде Индустрияландыру картасында  барлығы 779 жоба бар.  2010-2012 жылдар арасында 537 жоба іске қосылды, 277 жоба  (немесе іске қосылғандардың  51,6%) - 50% және одан жоғары деңгейде жүктеме алған, ал 141– толық көлемде жұмыс істеп тұр.  Бұдан басқа, 305 кәсіпорын түпкі өнімді өндірсе, 36 кәсіпорын 520 миллиард теңгенің өнімдерін экспортқа шығарды. Жаңа кәсіпорындар 1 триллион 400 миллион теңгенің өнімін өндірді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу