13 Желтоқсан 2012, 07:27
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиевке, «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Аркен Арыстановқа, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Сұлтановқа «Парасат» орденін табыс етті.
«Құрмет» орденімен «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев, Премьер-Министр Кеңсесі Жетекшісінің орынбасары Ғабит Матаев, Көлік және коммуникация вице-министрі Қайрат Әбсаттаров, Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов, ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Әлиакпар Мәтішев, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, мемлекеттік және қаржылық құрылымдардың жетекшілері марапатталды.
«Ерлігі үшін» медалімен ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы Игорь Лепеха марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медаліне Қаржы вице-министрлері Руслан Дәленов пен Берік Шолпанқұлов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік дамыту бөлімінің меңгерушісі Серік Қожаниязов, Премьер-Министр Кеңсесінің басқа да жауапты қызметкерлері ие болды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» мәртебелі атағы «Парасат» Ұлттық-ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Нұралы Бектұрғановқа берілді.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министріҚаныш Төлеушин, Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі Дариға Нәкенова, Премьер-Министр Кеңсесінің басқа да жауапты қызметкерлері марапатталды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу