«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан 69 тұрғын үй енгізілген
Үстіміздегі жылдың 1 қазанына жағдай бойынша «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 69 тұрғын үй енгізілген, деп хабарлады «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов ҚР Үкіметі отырысында.
«Банк пен әкімдіктер арасында жалпы ауданы 885 мың шаршы метр болатын 13,7 мың пәтерге 171 тұрғын үй құрылысы туралы келісімге қол қойылды. 2013 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша жалпы ауданы 324 мың шаршы метр болатын 5 мың пәтерге 69 тұрғын үй енгізілген», - деді А.Жұмағұлов.
Сонымен, банк басшысының айтуынша, 3,4 мың пәтер бойынша құқық орнатушы құжаттар тапсырылды, олардың 90% қаржыландырылды, 10% тіркеу рәсімінен өтуде.
«Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 6 мың пәтерге 74 тұрғын үй салу жоспарланған, қалған 34 үйді келесі жылы енгізуді болжап отырмыз», - деп толықтырды ол.
Сонымен қатар, ҚТҚЖБ басшысы пулға қатысуға салымшылардан қабылданған өтінімдер саны 2 есеге артты, 13 мың салынып жатқан пәтерге пулды қалыптастыру бойынша 26 мың өтінім келіп түскенін хабарлады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз