2013 жылдың 9 айында Қазақстанда 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды – Өңірлік даму министрлігі

9 айдың қорытындысы бойынша 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, деп хабарлады Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында. 

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру қорытындыларын шығара келе, құрылыс қарқынының өсуін атап өту қажет. 9 айдың қорытындысы бойынша 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды», - деді Қ.Өскенбаев.

                 

Бірінші вице-министрдің айтуынша, жинақталған қарқын осы жылы өткен жылғыдан артық салуға және 6,8 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы көлемінде 59 %-дан астамы немесе 2,7 млн шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысының үлесіне тиесілі. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі ішінде салынған көрсеткіштен 12 %-ға артық», -  деп толықтырды ол. 

Жалпы алғанда, мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындармен және ұйымдармен 9 айдың ішінде 524,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу