Ертең ҚР Үкіметі отырысында білім және ғылымды дамытудың басымдықтары талқыланады

Ертең, 29 қазан күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін ҚР Үкіметі отырысында білім және ғылым саласын дамытудың басымдықтарын талқылау жоспарланған.  

Бұдан өзге,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарының жобасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының 2015-2016 жылдарға арналған перспективалық жоспары тыңдалады.

Аталған мәселелер бойынша ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен ҚР әділет министрі Берік Имашев баяндама жасайды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу