Ертең Үкіметте суға тариф белгілеудің 2013 – 2015 жылдарға арналған жаңа тетіктері талқыланады
Ертең, 25 желтоқсанда ҚР Үкіметі Суға тариф белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды талқылау жоспарлануда.
Күнтәртібіндегі мәселе бойынша экономикалық даму
және сауда министрі Ерболат Досаев және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
Мұрат Оспанов баяндама жасайды.
Үкімет мүшелері
сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2012
жылғы заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуы туралы әділет министрі Берік Имашевтің
баяндамасын тыңдайды.
Естеріңізге сала кетейік,
ертеңгі Үкімет отырысының онлайн-таратылымын Premiminister.kz. сайтында
сағат 09.00-да көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз