Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №39

2022 жылғы 10-16 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 10 қазанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ны ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Ә. Смайылов ҚТЖ-ны трансформациялау тәсілдерін мақұлдап, қолданыстағы коммерциялық бағыттарға талдау жүргізуді және өңірлік сауда хабтарын дамыту мәселесін егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

  • Сейсенбі, 11 қазанда, Әлихан Смайылов Үкіметтің кезекті отырысын өткізді, онда 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды. Бірінші мәселе бойынша Премьер-Министр жыл соңына дейін іскерлік белсенділікті ынталандыру және экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту, ШОБ-ты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтау қажет екенін атап өтті. Екінші мәселе бойынша Ә. Смайылов халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және оларды еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспарының жобасына енгізуді, тиісті қызметтер көрсетуді автоматтандырып, қарау мерзімдерін қысқартуды тапсырды.

  • Сәрсенбі, 12 қазанда, ҚР Премьер-Министрі еліміздің газ саласын кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте 2030 жылға дейін газбен қамтамасыз ету болжамы, сондай-ақ жаңа газ кен орындарын игеруді ынталандыру және тауарлық газ өндірісін ұлғайту шаралары қаралды. 

  • Жұма, 14 қазанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суан экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Тараптар сауда, транзит және логистика, туризм, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

  • 12-14 қазан аралығында Астана халықаралық саяси оқиғалар орталығына айналды: елімізге Әзербайжан, Беларусь, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан басшылары келді. Аса мәртебелі қонақтар АӨСШК VI саммитіне, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты.

  • Сенбі, 15 қазанда, ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның су кеңесінің кезекті отырысын өткізді, онда Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы және Су саласын реформалау жөніндегі республикалық кеңеске дайындық барысы қаралды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу