Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №40

2022 жылғы 17-23 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

  • 18 қазанда Премьер-Министр Ә. Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамыту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы энергияны тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз етуді, маневрлік қуаттарды ұлғайту шараларын қабылдауды, сондай-ақ қазан айының соңына дейін Үкіметтің қарауына «инвестиция орнына тариф» саясатын іске асырудың нақты механизмін ұсынуды тапсырды.  Екінші мәселе бойынша Әлихан Смайылов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша ақпараттық науқан жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс және уақытша бейімдеу орталықтарын, наркологиялық мекемелер желісін кеңейту шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті. Тиісті мемлекеттік органдарға мемлекеттің көмегіне мұқтаж, тұрмысы нашар отбасыларды медициналық-әлеуметтік есепке алудың үлгілік қағидаларын әзірлеу, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуге жіберу рәсімдерін жеңілдету тапсырылды.

  • Сәрсенбі, 19 қазанда, Премьер-Министр ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобалары қаралды.

  • Сейсенбі, 18 қазанда, ҚР Премьер-Министрі ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар Кеңестің бірлескен тұрақты жұмыс топтарының қызметі туралы есеппен танысты. Атап айтқанда, инвестициялық саясатты, энергетиканы, экологияны және мұнай-газ саласын іске асыру, цифрландыру, еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту және шетелден жұмыс күшін тарту мәселелері талқыланды.

  • Дүйсенбі, 17 қазанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Азия Даму Банкінің атқарушы директоры Серджио Лугарези бастаған Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Тараптар АДБ-ның Қазақстан үшін 2023-2027 жылдарға арналған елдік әріптестігінің жаңа стратегиясын әзірлеуді, ҚР Үкіметінің жаңа экономикалық саясатының қағидаттарын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

  • 19-20 қазанда Премьер-Министр Түркістан облысына жұмыс сапармен барды. Әлихан Смайылов «Керуен-сарай» кешеніне барып, инвесторлармен және өңірде жұмыс істеп жатқан туристік сала өкілдерімен кездесті, газ және күн электр станцияларының құрылысы, көмір-химия, мұнай-химия және күкірт қышқылы зауыттарын, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді мен цемент өндіретін химия кешенін, Өгем өзеніндегі ГЭС каскады бар су құбырын, жылыжай кешенін, бордақылау алаңын салу бойынша және т. б. жаңа инвестициялық жобалармен танысты. Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

  • 20-21 қазанда Премьер-Министр Армения Республикасына жұмыс сапармен барды. Үкімет басшысы Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы өткен отырыстарына қатысып, Армения Республикасының Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті.

  • 22 қазанда Үкімет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Ұлттық мереке қарсаңында Премьер-Министр Әлихан Смайылов ҚР Президенті атынан мемлекеттік органдар мен компаниялардың қызметкерлеріне наградалар табыс етті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу