08 Маусым 2017, 11:47
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында республикалық бюджет пен Ұлттық қордан бөлінген қаражатты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пайдалануы мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2017-2021 жылдарға арналған Даму және 2017 жылға арналған түзетілген жылдық бюджет жоспары қаралды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу