17 Қараша 2012, 04:00
Талдықорған қаласында жұмыс тобы аграрлық-өнеркәсіптік кешен мен № 3 «Басқуат» қазандығында болды. Қала әкімі Ермек Алпысовтың ақпарына қарағанда, № 3 қазандықты іске қосқаннан кейін қаланы жылумен жабдықтайтын магистраль желісінің қуаты 6% немесе 15 Гкал/сағатқа артып, бұл қаланың батыс бөлігін жылумен жабдықтауды жақсартты. Қазіргі кезде «Басқуат» қазандығының қуатын 100 Гкал/сағ. дейін кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жобалық-сметалық құжаттар 2013 жылы әзірленеді, ал құрылыс-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу 2014-2015 жылдарға жоспарланған.
«Қаланы жылумен жабдықтау мәселесін түбегейлі шешу үшін жалпы жылу энергиясының 85% өндіретін «Басқуат» орталық қазандығын қоса алғанда, қаланың жылумен жабдықтау кешенін қайта құру қажет етіледі. Ол үшін 5,5 млрд теңге сомасындағы қаржыландыру мәселесін шешу қажет», - деп мәлімдеді Ермек Алпысов вице-премьерге қаладағы жылу жағдайы туралы әңгімелей келіп.
Одан кейін үкіметтік жұмыс тобы Қызылағаш ауылының қалпына келтірілген әлеуметтік нысандарында болып, Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарының басталу барысымен танысты.
Талғар ауданында вице-премьер Hуundai жүк көліктері мен автобустарын құрастыратын «ХундайАвтоТранс» ЖШС болды. Зауыт өз жұмысын бастағалы бері 737 дана жүк көліктері мен автобустар құрастырылған. 2013 жылы 2000 астам автокөлік, ал 2015 жылға қарай – жобалық қуатты жылына 10 000 данаға дейін дамытып, қосымша тағы да екі жүзден астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.
16 қараша күні үкіметтік жұмыс тобы Іле ауданының ірі нысандарында болды. Мұнда «Алматы облысы Алматы қаласындағы 4 серік-қаланың құрылысы» (G-4 City) жобасы жүзеге асырылуда. Кездесу барысында белгілі болғандай, Алматы қаласына іргелес жатқан облыс аумағы Алматы облысының қарамағындағы еліміздің ірі мегаполисін шоғырландыру ретінде қалыптасатырылатын болады.
Сондай-ақ облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстың агроқұрылымдары өкілдерінің қатысуымен «АӨК-2020» және «Жайлау» бағдарламаларының тұсаукесері өтті.
Жұмыс сапарының қорытындысы облыс активімен өткізілген мәжілісте шығарылды. Онда көккейкесті мәселелерді шешу жолдаы және өңірді дамытудың негізгі басымдықтары белгіленді.
«Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар әлеуметтік-маңызды бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Алматы облысында тиімді жүзеге асырылып келе жатқан тек өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қатысты ұзақ мерзімді және стратегиялық міндеттер ғана емес. Өңірде индустриалдық- инновациялық жобалар да жемісті дамуда. Мысалы, 2010-2011 жылдары 216,3 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске қосылып, 3635 жаңа жұмыс орындары құрылды. 2012 жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестиция 266,6 млрд. теңгені құраған, яғни 2011 жылғы осы мерзімге қарағанда 101,3% болған», - деп атап өтті вице-премьер Қ.Көшербаев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу