Жаңа тәсілдер: Қазақстанда ішкі істер органдарының қызметкерлерін қалай дайындайды

Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ішкі істер органдарын жаңғырту тұрығысынан Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын орындау барысы туралы айтып берді. 

Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша 2019–2021 жылдарға арналған тиісті жол картасы әзірленіп, бекітілді. Ол 54 іс-шарадан тұрады.  

Бірінші бағыт — штаттық құрылымды оңтайландыру

«Біз жекелеген сандарды 11% оңтайландырдық. Негізінен бос жұмыс орындары есебінен. Бір-бірін қайталаған 106 бөлімшені тараттық.  1180 басқарушы лауазымдар. Соның нәтижесінде, 100 мың адамға шаққандағы полиция қызметкерлерінің саны бойынша біз 471-ден 393-ке азайттық, қазір Бельгия мен Чехия арасында орташа еуропалық деңгейде тұрмыз. Қысқарту жұмыстары математика үшін жасалмады. Осы шаралардың арқасында біз 16 млрд теңгеден астам соманы босаттық, ол Үкіметтің қосымша бөлген 20 млрд теңгесімен бірге жалақыны арттыруға бағытталды», — деді министрдің орынбасары.

Бұл үнемдеуді ескере отырып, жалақы деңгейін сараланған түрде арттыру жоспарланған:

  • алдыңғы қатарлы позициялардағы қызметкерлерге – патрульдік полицияның, жедел тергеу құрамының қызметкерлерінің еңбекақысы 65% және 55%-ға ұлғайтылады;

  • кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелік полиция инспекторларына, профессор-оқытушылар құрамына 25%-ға;

  • басқа қызметкерлерге 20%-ға арттырылады.

Екінші маңызды бағыт — қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту

«Біз бұл мәселені тұрғын үй өтемақысын төлеу арқылы шешеміз. Бірінші кезеңде тұрғын үй өтемақысы жедел тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне берілді. Бұл шамамен 5,6 мың сертификат. Оларға патрульдік полиция, кәмелетке толмағандар істерінің бөлімшелік полцейлері, бөлімшелік полиция инспекторлары қосылды. Барлығы – 15 мың адам», — деді А. Калайчиди.

Үшінші бағыт — кадрларды даярлаудың іріктеу жүйесін жетілдіру

Полиция қызметкерлерін дайындаған ведомстволық білім беру жүйесі 12 оқу орнынан 5-ке дейін қысқартылды. Сонымен қатар бұл ЖОО-лар мамандандырылған. Қарағанды полиция академиясы — тергеуші-криминалистерді, Алматы академиясы жедел қызметкерлерді және техникалық бөлім қызметкерлерін, Шымкент оқу орталығы — күзет қызметінің мамандарын, Ақтөбе академиясы — әкімшілік полиция қызметкерлерін, Қостанай академиясы — әкімшілік полиция қызметкерлерін және ылмыстық атқару жүйесінің мамандарын дайындайды.

«Бұл саладағы жаңашылдық – бакалавриаттан бас тарту. Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам заңгер шығаратын заң ЖОО-лары жеткілікті. Сондықтан да біз бакалавриат жүйесінен бас тартамыз және сұранысқа аса ие мамандықтар үшін, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған, ЖОО-ларды тәмамдаған қызметкерлерді шақырып, үш және алты айлық курстарда оқытамыз», — деді министрдің орынбасары.  

Заманауи әлемдік үдерістерді ескере отырып, оқыту бағдарламасы толықтай қайта әзірленді, оған психологиямен, полиция қызметінің тактикасымен, киберқылмыспен күрес ерекшеліктерімен, халықпен өзара іс-қимылмен байланысты курстар қосылды. 

Төртінші бағыт – тән емес функцияларды шектеу

Бәсекелі ортаға мемлекеттік органдар мен заіды тұлғалардың 32 қорғалатын нысаны берілді. Жұмыс жалғасуда. 

Бесінші бағыт – халықпен жұмыстың жаңа форматы

Біздің басты міндеттердің бірі — қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту, полиция қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сервистік моделге көшу.  

Тетіктердің бірі — фронт-офистерді құру. Министрдің орынбасарының айтуынша, шағымдардың көпшілігі азаматтардың қандай да бір мәселеге байланысты полиция ғимаратына барып, қажетті жағдайлардың жасалмағанымен соқтығысуы екен, мәселен: бір қызметкердің қабылдауына жазылғысы келген кезде дұрыс түсіндірмейді, дайындалуға, консультация алуға  мүмкіндіктің болмауы.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу