10 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді 

Сейсенбі, 10 қыркүйек күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы;
  • Жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу