16 Қазан 2024, 18:04
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі уақытта медициналық көмектің науқастарға бағдарланған үлгісін қалыптастыру мақсатында саланы түбегейлі қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде баяндады.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында медициналық көмек көрсету кешенінің ұлттық стандарттарға сәйкестігі бойынша емхана ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтілген.
«Жауапты мамандарға қолжетімділік жеңілдетілді, дәрігерлердің пациенттермен өзара байланысы қамтамасыз етілді. Науқасқа бағдарлануды қамтамасыз ету мақсатында мамандарға өзін-өзі тіркеу ұйымдастырылып, жоспарлы қабылдаулар енгізілуде. Жалпы практика дәрігерлерінің қызметін пайдалануға жазылу 4%-дан 21%-ға дейін, оның ішінде сала мамандарына және диагностикаға жазылу 41%-дан 70%-ға дейін өсті», — деп мәлімдеді Тимур.Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша, зерттеу жиілігі мен көлемін реттеуді көрсете отырып, пациент бағдары жетілдірілді. Қажетті зертханалық зерттеулер 42 бірлікке қысқарып, жоспарлы емдеуге жатқызуға дайындық кезінде консультациялық-диагностикалық қызметтердің бірыңғай тізбесі стандартталды. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерінің қолданылу мерзімі 14 күннен 6 айға дейін ұзартылды.
Наурыз айынан бастап жүкті әйелдерге перинаталды диагностиканың инновациялық әдістерін жүргізуге және патологиясы бар бала туу қаупін уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін «бір күндік клиника» жобасы жүзеге асырылып отыр. Бүгінгі таңда жоба 10 өңірде, оның ішінде Ақтөбе қаласында енгізілген.
Фетальды хирургия бойынша бірегей технология енгізілді. Құзыреттілік орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар аурулар мен дәрі-дәрмектердің тізімі клиникалық хаттамалар негізінде синхрондалып, оңтайландырылған.
«2025 жылдан бастап амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын жоспарлауды автоматтандыруға дайындық жүргізіліп жатыр. Дәрімен қамтамасыз ету және фармацевтика өнеркәсібін дамыту шеңберінде Қазақстан аумағында бірегей шетелдік препараттар шығаруды оқшаулау есебінен дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндіру тетігі енгізілуде», — деді спикер.
Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, салауатты өмір салтын насихаттау аясында темекі және алкоголь өнімдеріне акциздер мөлшерлемесін арттыру бойынша жұмыс жүргізілген. Биылғы маусым айында электронды темекі (вейп), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салынған. 21 жасқа дейінгі аазаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу және құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда әйелдерде кездесетін онкологиялық аурулар арасында жатыр мойны обыры – сүт безі обырынан кейін екінші орында. Жыл сайын бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі және одан 600-ге жуық әйел қайтыс болады. Адам папиллома вирусы, жатыр мойны обырының негізгі себебі саналады, оны адам папиллома вирусы вакцинациясымен алдын алуға болады.
«Елімізде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балалар мемлекет есебінен басқарылатын 12 инфекцияға қарсы егіледі. 2024 жылы Қазақстанның Ұлттық иммундау бағдарламасына адам папиллома вирусына қарсы вакциналау енгізілді. Адам папиллома вирусы вакцинасын енгізу жатыр мойны обырының алдын алуға көмектеседі. Адам папиллома вирусына қарсы жоспарлы вакциналау әлемнің 135 елінде, оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мемлекеттерінде қолданылады. Жатыр мойнының қатерлі ісікке дейінгі зақымдануын төмендетуде вакцинацияның жоғары тиімділігі АҚШ, Аустралия, Канада, Дания, Ирландия, Швеция, Финляндия, Жаңа Зеландия, Шотландия және тағы басқа елдерде байқалды», — деп атап өтті вице-министр өз сөзінде.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің алдына медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру, бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру, білім беру гранттарын саралау және мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін тарифтерді қайта қарау жөнінде нақты міндеттер қойылды.
«Министрлік осы тапсырмаларды іске асыру бойынша жұмысты бастады. Сала активімен кеңінен талқыланатын Бірыңғай медициналық көмек пакеті бойынша жоба әзірленді», — деп мәлімдеді ол.
2025 жылдан бастап тегін медициналық көмек және медициналық сақтандыру жүйінде медициналық көрсетілетін қызметтер пакеттерін кезең-кезеңімен қайта қарау жоспарланып отыр. Бұл тегін медициналық көмек шеңберінде мемлекеттің артық кепілдіктерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
2027 жылдан бастап Бірыңғай медициналық көмек пакеті тегін медициналық көмектің ең аз пакетін және сақтандыру жүйесінде базалық пакетін қамтитын болады.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру бойынша жұмыс басталды, ол меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын барлық денсаулық сақтау ұйымдары үшін деректердің түпкілікті бақылауы мен объективтілігін қамтамасыз етуге тиіс. Медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кешенді жоспар іске асырылуда: оның шеңберінде шығынды тарифтер қайта қаралады, ауруханалық менеджмент жақсарады, қаржы қаражатының жұмсалуын бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі», — деді спикер.
Оның айтуынша, биылғы 1 маусымнан бастап 5 профиль: босандыру, неонатология, балалар неврологиясы, балалар аллергологиясы, ревматология бойынша тарифтер ұлғайтылған. Стационарлық қызметтің үш бейіні бойынша (инфекция, нефрология, эндокринология) одан әрі республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін түзету коэффициенттерінің есебі жүргізілді.
Аталған жұмыс жыл соңына дейін қаражат тапшылығын айтарлықтай төмендетуді және көптеген денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын жақсартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында білікті медицина кадры тапшылығы мәселесі өзекті болып қала беретінін атап өтті. Оны шешу мақсатында медициналық білім беру сапасын едәуір жақсарту, оның ішінде гранттардың сараланған мөлшерін енгізу, оларды білім беру процесінің деңгейіне қарай бөлу талап етіледі.
Медициналық білім беру сапасын жақсарту үшін білім беру грантының құнын арттыра отырып, ақылы неігзде қабылдауды жоспарлы түрде қысқарту жоспарланып отыр.
«Денсаулық сақтаудың кадрлық саясаты нәтижелілігін арттыру шеңберінде Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 сәуірде “Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды, онда ең төмен жалақының 100 еселенген мөлшерінде немесе ауылдық өңірлерге жұмысқа орналасқан медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге мөлшерінде ақшалай төлем белгілеу, сондай-ақ медициналық қызметкерлер мәртебесінің көтерілуі және дәрігерлік кәсіптің беделі қарастырылған. Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын оқыту және даярлау сапасы бойынша қызметін қамтамасыз етудің, сондай-ақ өндірістерде орналастырудың географиялық теңгерімсіздіктерді шешудің қолданыстағы тетіктері қайта қаралуда», — деді спикер.
Сөз соңында Тимур Сұлтанғазиев «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Хромтау ауданының жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханасы бөлімшелерінің ашылуы, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізу және медициналық жабдықтармен (МРТ, агиограф) жарақтандыру жолымен жаңғырту арқылы жақын маңдағы аудандар тұрғындарына қызмет көрсету үшін көпсалалы аудандық ауруханаға айналдырылатынын атап өтті.
«Құрметті кездесуге қатысушылар, белгілі бір уақыт пен ресурстарды қажет ететін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша іс-шаралар жалғасуда», — деп түйіндеді сөзін спикер.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу