Ықшамаудандар салу, жаңа кәсіпорындар ашу, медициналық жабдықтарды жаңарту - Солтүстік Қазақстан облысы қалай дамуда

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев биыл 18 қазанда Үкімет,  «Nur Otan» партиясының мүшелері және оның Парламент Мәжілісіндегі фракцияларының қатысуымен өткен кеңесте 2020 жылғы 1 наурызға дейін әрбір аудан, қала, облыс бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуді аяқтауды тапсырды. Өз кезегінде, Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында өңірлерді дамыту мәселесінде жергілікті билік органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға, бюджетаралық қатынастар жүйесі реформасына, басқарылатын урбанизация мен бірыңғай тұрғын үй саясатына баса көңіл бөлу керектігін атап айтқан болатын.

Солтүстік Қазақстан облысының биылғы жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы және өңірлердің перспективалары туралы PrimeMinister.kz шолу материалынан оқыңыздар.

Солтүстік Қазақстан облысы 13 ауданға бөлінеді, облыс орталығы – Петропавл қаласы. Облыста 5 қала, 11 кент пен 204 ауылдық округ бар. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халқының саны 554,5 адам немесе республика тұрғындарының жалпы санынан  3% құрайды. Қала халқының саны 251,8 мың адамды немесе 45,4%, ауыл тұрғындарының саны 302,7 мың адамды немесе 54,6% құрайды.

ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) көлеміне көп ықпалын тигізетін облыс экономикасының негізгі салалары – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, жылжымайтын мүлікпен операциялар. 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЖӨӨ көлемі жан басына шаққанда 706,1 мың теңгені құрады.

Жыл басынан бері өңір 540 мың тонна тамақ өнімдерін экспорттады

Биыл қаңтар-қазан айларында жалпы өнім көлемі 2,6%-ға өсіп, өсімдік шаруашылығында өнімдердің 2,9%-ға, мал шаруашылығында 2,1%-ға артуы есебінен 585 млрд теңгені құрады.

Мал шаруашылығында ет өндірісі 3,2%-ға, сүт 1,6%-ға, жұмыртқа 1%-ға артты. Ірі қара мал басы 1,7%-ға, қой мен ешкі 4,7%-ға, шошқа 18,1%-ға, жылқы 6,7%-ға, құс 3,4%-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығында қол жеткізілген көрсеткіштер жыл сайын қуатты мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды. Биыл он айда облыстағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 33,8 млрд теңге сомасында мемлекеттік қолдау көрсетті, оның ішінде өсімдік шаруашылығына 13,4 млрд теңге, мал шаруашылығына 7,4 млрд теңге, басқа бағыттар бойынша 13 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. 

Ірі өндірушілер – өңірдегі өңдеу өнеркәсібіндегі экспортшылар жыл басынан бері өндірді:

— «КЭСС» ЖШС — 4,7 мың тонна ұн;

— «Тайынша май» ЖШС  — 12,2 мың тонна май;

— «DEZ» ЖШС   — 38,1 мың тонна ұн;

— «Мамлют диірмен комбинаты» ЖШС   — 7,3 мың тонна ұн;

— «СевЕсильЗерно» ЖШС  — 20,6 мың тонна ұн;

— «Сұлтан ЭММК» АҚ — 5,1 мың тонна ұн;

— «Молпродукт» ЖШС —  66,1 мың тонна сүт өнімдерін өндірді.

Биылғы 9 айда АӨК өнімдерінің сыртқы сауда айналымы $175,4 млн сомасына 590 мың тоннаны құрады. $137 млн сомасына 540 мың тонна тамақ өнімі экспортталды, бұл өткен жылғы деңгейден 30 мың тоннаға немесе $28 млн-ға артық. Сұйық май экспорты 10 есе өсті  (1,5 мың тоннадан 15,4 мың тоннаға), арпа экспорты 2,6 есе (24,5 мың тоннадан 64,6 мың тоннаға дейін), макарон экспорты 2 есе (808 тоннадан 1,6 мың тоннаға дейін), сүт өнімдері экспорты 16%-ға (13.6 мың тоннадан 15.8 тоннаға дейін), майлы дәндер экспорты 14%-ға (84 мың тоннадан 95,5 тоннаға дейін), астық экспорты 4%-ға (168,4 мың тоннадан 175,2 тоннаға дейін) артты.

Өнімдер экспортының жалпы көлемінде астық экспортының үлесі 32,4%, майлы дәндер үлесі — 18%, ұн үлесі — 17,3%, арпа үлесі — 12%.

Биыл 336 мың тонна астық экспортталды, оның ішінде бидай — 175 мың тонна, майлы дақылдар — 95 мың тонна.

 

 

Қазақстандық бидай сұранысқа ие. Солтүстік Қазақстан бидайын басты өткізу нарықтары – Орталық Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан), оған бидай экспорты көлемінің ⅔ тиесілі. Бұл ең жақын нарық әрі негізінен теміржол көлігі арқылы тасымалдаумен құрлықтағы логистика тұрғысынан астық жеткізу үшін аса қолайлы жолы.

Арпаның негізгі импортері – Иран, оған арпа экспортының 90%-ға жуығы тиесілі. Майлы дақылдар негізінен Еуропаның Польша, Бельгия, Германия, Италия және басқалары тәрізді елдеріне экспортталады. Азия елдерінен майлы дақылдар ең көп Моңғолияға, Ауғанстанға экспортталады, Өзбекстан да импортты арттыруда.

Биыл Литваға экспорт ұлғайтылды, майлы дақылдарды жеткізу бойынша Латвия және Эстония нарықтарына шығу мүмкін болды.

Ақтау портын қалпына келтіру және реконструкциялаудың арқасында Иран және Әзербайжан тарапына Каспий теңізі акваториясы арқылы бидай экспортының басқа да перспективалы бағыттары мүмкін болды.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытайға бөгетсіз экспорты мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Сапа және карантинді қадағалау бас басқармасының арасында бидай, арпа, кебек, рапс шроты, жүгері, соя бұршағы, жоңышқа экспорты үшін фитосанитарлық кедергілерді алып тастау жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Сонымен қатар майлы және бұршақ дақылдары – зығыр, бұршақ, жасымық, мақсары экспорты үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді әлеуетті экспортшылар тізіліміне енгізу үшін ҚХР-мен келісім хаттамасына қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еске салайық, 2016 жылдан бері майлы дақылдар аумағы (512 мың га) екі есе (1 млн га) ұлғайтылды. Майлы дақылдар экспорты 2 есеге 75,8 мың тоннадан 157,6 мың тоннаға дейін артты. Биыл 20 мың тонна соя егілді. 2020 жылы оның көлемін 5 есеге – 100 мың га дейін арттыру көзделген, 2020 жылы 200 мың га дейін жеткізіледі.

Мал шаруашылығында сүтті мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылады. 2018 жылы құны 2,7 млрд теңге болатын 2200 мал басына арналған 4 сүт кешені салынды. Биыл 6 млрд теңгеге 2 300 мал басына 4 кешен құрылысы жүріп жатыр. 2020 жылы 3,9 мың басқа 10 сүт кешенін және 1000 орындық 3 мал бордақылау алаңын салу көзделген.

 

 

Перспективалы ауылдарды дамыту, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асырылуда

Облыста өңір халқының 55%-дан астамы тұратын ауылдық жерлерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Солтүстік Қазақстан облысында өкінішке орай, ауылдық жерлердегі тұрғындар сан азаюда. Сондықтан қабылданып жатқан шаралармен қатар,  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы әлеуметтік нысандардың, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын, көлік инфрақұрылымының жай-күйін жақсартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, алдағы 7 жылда 292 басымдық берілген ауылда (94 тірек, 175 жерсеріктік, 23 шекара маңы) іс-шараларды қолға алуға мүмкіндік береді, бұл аталған ауылдық елді мекендердің деректерін өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына дейін жеткізуге жол ашады.

 

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының аясында биыл 3 елді мекенде 2,2 млрд теңгеге 19 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. 26 мыңнан аса адам оң өзгерістерді байқайтын болады.

 

Жас мамандардың ауылда қалуына сонымен қатар 2009 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Дипломмен - ауылға!» жобасы ықпал ететін болады. Жоба іске асырылған жылдары облыста әлеуметтік сала мен АӨК бойынша 4,4 мыңға жуық маман 584,1 млн теңге сомасына көтерме ақы ретінде әлеуметтік қолдау шараларына ие болды, 1,8 мың маман тұрғын үй сатып алу мен салуға 4,5 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие алды.

 

Тау-кен өндірісі өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,4%-ға өсті

Өнеркәсіп секторында а.ж. 10 айда 193,8 млрд теңге сомасына өнім шығарылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артты.

Тау-кен өндірісі өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі 6,4%-ға артып, 3 млрд теңгені құрады. Негізгі үлесі немесе 72,3%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, онда өндіріс көлемі 140,1 млрд теңгені құрады.

 

 

Тамақ өнімдері өндірісі сұйық май өндірісінің 1,7 есе, ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің 20,2%-ға, сүт өнімдерінің 11,2%-ға өсуі есебінен 15,9%-ға артты. Машинажасау саласында жүйелі төмендеу байқалып отыр, оның үлесіне өңдеу өнеркәсібінің 17,2% тиесілі. Электрмен жабдықтау және сумен жабдықтауда өндіріс көлемі тиісінше 7,4%-ға және 8%-ға өсті.

 

Бүгінде өңірде жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр. Крахмал, желімтегі және биоэтанол шығаратын «Bio Operations» зауыты іске қосылды. Зауыт өзінің айналымын арттыруда. Глютен өндіру бойынша екінші желі іске қосылуда. Бұл өндіріс және өңдеу көлемін 2 есеге арттырып, жылына 300 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Bio Operations» зауытының бас директоры Алмас Қалмұрзин атап өткендей, қазір кәсіпорында өндірістің екінші желісінің монтажы аяқталуда.

«Біз өндірісті екі есеге арттырамыз, кәсіпорынның қуаттылығы артады. Орта есеппен, жылына ол 20 мың тоннаға жуықты құрайды. Қазіргі кезде бізде таяу және алыс шетелдерге жеткізулер жүзеге асырылуда, оның ішінде АҚШ, Еуропа, Қытай елдері бар және жаңа нарықтар игерілуде. Бірінші кезекте олар – Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан», — деді А. Қалмұрзин.

2019 жылдың соңына биоэтанол шығаратын цех іске қосылады. Заманауи француздық жабдық орнатылуда. Толық қуаттылығына шыққанда био зауытта 500 адам жұмыс істейтін болады.

 

 

Сонымен қоса, Орталық Азияда баламасы жоқ ет комбинаты және ірі шошқа кешені іске қосылды. Кәсіпорын 5 мың тонна ет шығарады, 3 мың тонна дайын өнім өндіреді. 5 млрд теңге инвестиция салынған. Ет комбинатында 74 тұрақты жұмыс орны құрылды, болашақта олардың саны 100 адамға дейін жетеді.

 

Сүт өндірісін дамыту үшін биыл қуаттылығы жылына 3 мың тонна сүт болатын 600 сиырға арналған сүт кешені пайдалануға берілді, 40 жұмыс орны құрылды. Бүгінде кешен толық көлемде жұмыс істеп жатыр, күн сайын орта есеппен 4 тонна сүт сауылады. Жыл соңына дейін 1000 сиырға арналған сүт кешені қосымша пайдалануға беріледі, солайша 50 адам жұмыс орнымен қамтылады.

 

Өңірде Сырымбет қорғасын кен орнында өндіріс басталды, өңірде ірі жер қойнауын пайдаланушылар болмаған. Бұл облыстағы алғашқы ірі жер қойнауын пайдаланушы. Жобаға рекордты инвестициялар – 100 млрд теңгеге жуық қаржы салынады. Келесі жылы тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталады. Кен орнында 600 адам жұмыс істейтін болады.

Петропавлда өнеркәсіптік аймақ қайта жандануда. Бос тұрған ғимараттар қайта қалпына келтіріліп жатыр. Қазір онда жаңа өндірістер орналасуда. Жылына 20 мың тонна өнім шығаратын жаңа металл пластика бұйымдары зауыты жұмыс істейді. Жақында СҚО-да толық өндіріс циклімен тұрмыстық химия фабрикасы іске қосылады. Жаңа кәсіпорын жылына 6 мың тонна сұйық және қатты сабын шығаратын болады. Өткізу нарығы – Қазақстан және ТМД елдері. Сабын фабрикасы Қазақстан нарығының 10 % жаулап алуды көздеп отыр.

 

Петропавл қаласындағы сабын-жуу құралдары фабрикасының өкілі Ольга Шремф айтып бергендей, кәсіпорынға салынған инвестициялар көлемі 840 млн теңгені құрайды. Жабдықтар импорттық, жоғары технологиялы, барлық соңғы талаптар мен стандарттарға сай келеді.

“Өндіріс бірегей, Қазақстанда мұндай жоқ. Біз қалдықтарды кірістерге қайта өңдей аламыз, яғни өсімдік майларын фритюрге өңдеп, кір жуатын сабын ала аламыз», — деді О. Шремф.

 

 

Өз кезегінде Киров атындағы зауыттың Бас директорының бірінші орынбасары Райымбек Қайрат Елбасының қолдауының арқасында кәсіпорында өндірістің технологиялық жаңғыруы басталғанын атап өтті, оның аясында көпқабатты баспа платаларын өндіру желісі үшін жаңа заманауи жабдықтар іске қосылады.

“2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 2,2 млрд теңгені құрайды. Мұның барлығы бізге елімізде алғаш рет әлемдік стандарттарға сай келетін көпқабатты платаларды шығаруға мүмкіндік береді, олар алыс шетелдерге одан әрі экспорттаумен ел экономикасының түрлі салаларында пайдаланылатын болады», — деді Р. Қайрат.

 

Сонымен қатар, Калинин атындағы бұрынғы зауыт базасында заманауи Дата-орталық құрылады. Жалпы инвестициялар сомасы 27,5 млрд теңгені құрайтын болады.

 

10 айда өңірдің негізгі капиталына салынған инвестициялар 13%-дан аса өсті

10 айда облысқа негізгі капиталға 169,8 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% өсті. Негізгі үлесі немесе 70,8%-ы кәсіпорындардың жеке қаражаттарына тиесілі. Салалық құрылымда ең үлкен үлес ауыл, орман және балық шаруашылығына (50,8%), көлік және қоймалауға (13,1%), өнеркәсіпке (12,3%) және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (10,6%) тиесілі.

 

Өсім облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласында байқалады. Жеке инвестициялардың көлемі 29,9%-ға артып, 139,2 млрд теңгені құрады. Жыл қорытындылары бойынша 10% өсімді қамтамасыз етумен 240 млрд теңге көлемінде инвестициялар тарту болжанған.

Сонымен қатар, облыста 12,7 млрд теңге сомасына 55 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша жұмыстар орындалуда. Ағымдағы жылы іске асырылған, шығынды қалпына келтіруді қажет етпейтін 19 МЖӘ жобасынан 279 млн теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Осы жылдың соңына дейін құны 227 млн теңгені құрайтын, шығынды өтеуді талап етпейтін 15 ұқсас жобаны іске қосу жоспарлануда. Мемлекеттік міндеттемелерсіз тартылған инвестициялардың көлемі шамамен 500 млн теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жүргізген 2015-2019 жылдардағы МЖӘ бойынша аймақтардың рейтингі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы 3 орында тұр.

 

 

Жыл басынан бері өңірде 26 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста 26 086 адам жұмыспен қамтылды, 11 706 жаңа жұмыс орны құрылды.

Өңірде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар аясында еңбек нарығындағы жағдайды талдау және салалық әрі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды ескере отырып әзірленген, 2019 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары бекітілді.

 

 

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Кешенді жоспардың іс-шараларына облыстың 22 992 тұрғыны қатысты, оның ішінде 10 655-ы — тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында осы жылдың қыркүйек айынан бастап техникалық және кәсіптік оқытуға 729 қатысушы жіберілді. Кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1523 адам жіберілді, оның ішінде 620 адам оқуды аяқтады, оның 449-ы жұмысқа орналастырылды.

 

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2019 жылы жалпы сомасы 5,3 млрд теңге болатын 1246 несие беру жоспарланған. 2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 700 несие берілді.

 

Сонымен қатар, 2 мыңнан астам қатысушыны «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткізу көзделген. Сондай-ақ, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 600 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 523,2 млн теңге сомасына 1576 грант берілді.

«Еңбек нарығын халықты жұмыспен қамту және еңбек ұтқырлығын арттыру арқылы дамыту» бағдарламасының үшінші бағыты аясында ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 745 қатысушы жұмысқа орналастырылды, 579 қатысушы жастар практикасына жіберілді.

Бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 10655 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Жыл соңына дейін 8300 адам баспана жағдайларын жақсартады

Ағымдағы жылдың 10 айында 115,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (991 пәтер), бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1% жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсуі облыстың барлық аймақтарымен қамтамасыз етілді. Жыл қорытындысы бойынша 235 мың шаршы метр деңгейінде тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін, қалған 2 айда шамамен 120 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қажет, бұл саланың 7% өсуін қамтамасыз етеді.

 

 

Облыста құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Егер 3 жыл бұрын 1000-ға жуық пәтер салынған болса, былтыр ғана 2068 отбасы жаңа үйлерге қоныс аударды. Биыл 235 мың шаршы метр немесе 2 240 пәтер пайдалануға берілді, соның арқасында 8300-ден астам адам өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартады.

Биыл өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға 12,9 млрд теңге қарастырылған. 2019 жылы 235,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8%-ға артық.

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру 115,4 мың шаршы метрді құрайды. Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін 482 пәтерді, оның ішінде аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылар үшін 124 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

 

Биыл жалдамалы тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында Новоишимское ауылында 50 пәтер пайдалануға берілді. Осы жылдың тамыз айында Петропавл қаласындағы «Береке» шағын ауданында 100 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға — 30 пәтер.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық бюджет қаражаты есебінен Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында 80 пәтер пайдалануға берілді, тағы 4 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.

 

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында биыл «Жас Өркен» шағын ауданында әрқайсысы 108 пәтерден тұратын 18 қабатты екі тұрғын үйді салып, 2020 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы бірыңғай сәулеттік стильде үйлер салу бойынша пилоттық болып белгіленді. 2017 жылдан бастап Солнечный-2 ауылында 211 бір пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, өткен жылы 83 үй, 2019 жылдың өткен кезеңінде 13 үй пайдалануға берілді.

 

Сонымен қатар, СҚО – Қазақстанның жұмыс күші артық өңірлерінен көшіп келушілер үшін ауылдық жерлерде үйлер салу бойынша пилоттық жобаны іске қосқан республикамыздағы жалғыз өңір. Облыс аудандарында көшіп келген отбасыларға арналған 420 заманауи үй салынуда. Осы жылы СҚО-да 2 мыңнан астам адамды немесе 700-ге жуық отбасы қоныс аударушыларды қабылдау көзделген. Алдағы екі жылда осы бағдарлама бойынша тағы 2,5 мыңға жуық үй салынады. Облыста аудан орталықтарының кешенді дамуы жүріп жатыр.

 

Соңғы үш жылда облыста 1900 шақырым автожол жөнделді

Солтүстік Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге қаржы бөлу жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 675 шақырым жолды жөндеуге 33 млрд теңге бөлінді. 2019 жылы 705 шақырым жолды жөндеуге рекордтық 37 млрд теңге бөлінді. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2017 жылы бұл мақсаттарға 21 млрд теңге бөлінді. Жолдардың жағдайының жақсаруын 95 мың солтүстікқазақстандық тұратын 133 елді мекен тұрғындары сезінді.

2017-2018 жылдар кезеңінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау және орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 13,284 млрд теңге көлемінде трансферттер бөлінді, игеру 13,202 млрд теңгені құрады. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 15,285 млрд теңге сомасында трансферттер бөлінді, бүгінгі таңда 13,914 млрд теңге игерілді.

Соңғы 3 жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша 108 мың тұрғын тұратын 214 елді мекенде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

Өңірде медициналық жабдықтар жаңартылады

 

Биыл облыста медициналық жабдықтар жаңартылуда. Осы жылы медициналық жабдық сатып алуға 4 млрд теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есеге көп. Медициналық мекемелер компьютерлік томограф, цифрлық маммограф, рентген және жаңа буынның УДЗ, МРТ және ангиограф сатып алуда. Жаңа технологиялар сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, цифрлық маммограф қатерлі ісік ауруын нөлдік кезеңде анықтай алады. Бұл мыңдаған адамның өмірін құтқаратыны сөзсіз.

Сонымен бірге, Петропавлда заманауи көп салалы аурухананың құрылысы басталды. Елорданы қоспағанда, бұл JCI жүйесі бойынша салынған Қазақстандағы алғашқы аурухана болмақ. Бұл медицина саласындағы сапа мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарты. Солтүстікқазақстандықтарға заманауи медициналық технологиялар толық қолжетімді болады.

 

Өңір басшысының айтуынша, солтүстікқазақстандықтар өңірден шықпай-ақ, сапалы медициналық көмек ала алады. Сонымен қатар, заманауи аурухана еліміздің көршілес аймақтарының және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының тұрғындары үшін тартымды болады. Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысында медициналық туризмді дамытады.

 

Өңірде 130 мектеп күрделі жөндеуден өтті

 

Биыл облыстағы мектептерді жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Республика бойынша 323 мектеп күрделі жөндеуден өтті, оның 40-ы — Солтүстік Қазақстан облысының білім беру нысандары. 5,5 млрд теңгеге 130 мектеп жөндеуден өтті. Сомасы 12 есе өсті. Облыстағы мектеп оқушыларының жартысына жуығы, яғни 35 мың бала енді жаңартылған мектептерде білім алуда.

 

 

Сонымен бірге, Петропавл қаласында жаңа оқу жылында «Береке» шағын ауданында заманауи мектеп ашылды. Осындай 900 орындық замануи мектеп «Жас Өркен» шағын ауданында да салынып жатыр.  Жұмабаев көшесінің бойында тағы бір мектептің құрылысы басталды. Қызылжар ауданының Бескөл аудан орталығында жаңа мектептің құрылысы басталды. Бейімделген ғимаратта орналасқан әскери институт үшін оқу және спорт ғимараттарын салу көзделген. Жаңа корпустың ашылуы әскери білім беру сапасын арттырып, жоғары білікті әскери офицерлерді дайындауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта М. Қозыбаев атындағы СҚМУ үшін заманауи оқу-зертханалық корпус ғимараттың құрылысы басталады. 3 жыл бұрын СҚО түлектерінің 24%-ы шетелге оқуға бару үшін облыстан кеткен. Қабылданған шаралардың арқасында орын алған жағдайды оң бағытқа бұруға мүмкіндік туды. Гранттар 3 есе өсті. Республикалықтан бөлек, жергілікті гранттар да бөлінеді. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарына түскен солтүстік қазақстандық түлектер саны екі есеге артты. Осылайша, түлектердің кетуі 18%-ға азайды.

Сонымен қатар, СҚМУ-да 200 шетел азаматы оқиды. Бұл Қытай, Моңғолия, Үндістан, Бангладеш, Грузия және басқа елдерден келген студенттер. Сондай-ақ, университетте Иордания, Литва, Польша, Египет және АҚШ-тан келген шетелдік оқытушылар жұмыс істейді. Қазір жергілікті университетте 7 мыңнан астам студент оқиды. Жақын болашақтағы міндет: студенттер санын 10 мыңға жеткізу.

Айта кетейік, Петропавлда аутист балаларға арналған 3 инклюзия кабинеті ашылған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін барлық ауданда аутизмі бар балаларға арналған инклюзивті сыныптар ашылады.

 

Солтүстік Қазақстан облысына туристер ағыны 40%-ға артты

Қазір мемлекет «солтүстік маржанды» дамытуға ерекше назар аударып отыр. Президент тапсырмасымен Имантау-Шалқар курорттық аймағы еліміздің басым туристік өнімінің «ТОП-10» қатарына енді. Мемлекеттік бағдарлама аясында туризмді дамытуға үлкен қаржы — шамамен 23 млрд теңге бөлінеді.

Сонымен, соңғы жылдары курорттық аймақтағы инженерлік және жол инфрақұрылымы жақсарды. 3 жылда Айыртау ауданында 273 шақырым жол жөнделді, бұл туристер ағынын 40%-ға арттырды. Инвесторлар заманауи демалыс орындарын салмақшы. «Ботай» музей-қорығын, туристерді қабылдайтын визит-орталықты, Имантау көлінің жағалауын, ат және велосипед жолдарын, шолу алаңын салу жоспарлануда.

Небәрі үш жылдың ішінде 8,4 млрд теңгеге 273 шақырым жол жөнделді. Мемлекеттік бағдарламаның барлық іс-шараларын жүзеге асыру инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға және туристер санын 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу